Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1460 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 2000 жылғы 8 желтоқсандағы төртінші отырысының хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының ресми ақпаратты беру және жариялау ережесі бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдардың басшылары "Ресми газетте" және "Официальная газетада" жариялау үшін ресми ақпараттың уақытылы берілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 12 маусымдағы N 811
қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік
органдарының ресми ақпаратты беру және жариялау ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңдарына сәйкес әзiрленген. P070598
2. Ереже орталық мемлекеттiк органдардың қызметi туралы инвесторлар мен iскерлiк орта өкiлдерiне кең ауқымды ақпарат беруге, Қазақстан Республикасының жағымды инвесторлық бейнесiн қалыптастыруға бағытталған.
3. Ресми ақпарат жариялау арқылы мемлекет өз қызметiмен жеке және заңды тұлғаларды таныстыру жөнiндегi өзiнiң мемлекеттiк өкiлеттiктен ажыратылмайтын және тiкелей мiндеттерiн iске асырады.
4. Осы Ереже басқа бұқаралық ақпарат құралдарының, өзге де жеке және заңды тұлғалардың заңнамада белгiленген тәртiппен ресми ақпарат алу құқықтарын кемсiтпейді.
5. Осы Ережеге сәйкес орталық мемлекеттiк органдар мынадай ресми ақпарат түрлерiн ұсына алады: мемлекеттiк органның қызметi туралы ресми жаңалықтар (баспасөз- релиздерi); мемлекеттiк органдар қызметi туралы алда болатын оқиғалардың ресми күнтiзбесi; ресми сапарлар туралы ақпараттық хабарлар; жоғарыда көрсетiлген құжаттарға түзетулер, өзгерiстер және толықтырулар; әзiрленетiн, қабылданатын нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы ақпараттық хабарлар; тендерлер және конкурстар жариялау (мемлекеттiк сатып алу туралы, сауда-саттық туралы) туралы хабарламалар; нормативтiк құқықтық кесiмдер; ресми сипаттағы орталық мемлекеттiк органдардың қызметi туралы басқа да ақпараттық хабарлар.
6. Ресми хабарламалар "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес ұсынылады және жарияланады.
Нормативтiк құқықтық кесiмдер "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми жарияланады.
7. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар, олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды тұлғалардың мәртебесiн анықтайтын, қолданыстағы заңнамада белгiленген құзыретіне сәйкес жариялау үшiн ресми ақпараттарды ұсынуға мiндеттi.
8. Сол немесе өзге ақпаратты жариялаудың орындылығы немесе қажеттiлiгi, оның көлемi мен форматы туралы шешiмдi орталық мемлекеттiк органдардың басшылары қабылдайды.
9. Орталық мемлекеттiк органдардың ресми ақпарат беруi:
Қазақстанның бiртұтас ақпараттық кеңiстiгiнiң толассыз жұмыс iстеуiне, оның әлемдiк байланыс және информатика жүйесiне енуiне;
ақпаратты, оның iшiнде мемлекеттiк ресурстарды қорғаудың ұлттық жүйесiн нығайтуға;
жеке және заңды тұлғалардың өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерi теңгерiмiнiң сақталуына;
мемлекеттiк құпиялар мен өзге де заңмен қорғалатын құпия саласында заңнамада көзделген шектеулер сақталған кезде қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеруге;
мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдауға және Қазақстан Республикасының беделiн түсiруге ықпал ететiн және мемлекеттiк қызметтiң мүдделерiне қайшы келетiн іс-әрекеттерге, оның ішiнде сыбайлас жемқорлықтың көрiнiстерiне жол бермеуге;
мемлекеттiк органдарда болып жатқан оқиғалар туралы инвесторларды хабардар етуге жәрдемдесуi тиiс.
10. Орталық мемлекеттiк органдар тек мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы жоқ ресми ақпаратты ғана беруге мiндеттi.
11. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдерге түсiнiктемелер мен түсiндiрмелердi ресми жариялау тек түсіндiрмелер мен түсiнiктеменi берген мемлекеттiк органның шешiмi бойынша ғана жүзеге асырылады.
12. Ресми хабарламаларда жеке немесе заңды тұлғаларды тiкелей немесе жанама жарнамалауға жол берiлмейдi.
13. Ресми ақпарат берудi немесе оның жоқтығы туралы хабарлауды мемлекеттiк органдар кемiнде аптасына бiр рет жүзеге асыруға тиіс.
14. Мемлекеттiк органдар жариялау үшiн беретiн ресми ақпарат мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазбаша түрде жазылуы және оған орталық мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы адам қол қоюы тиiс.
15. Жеке-дара өкiмдiк қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам ресми ақпараттың растығына және уақытында берiлуiне жауап береді.
16. Ресми ақпарат беруден бас тартуға заңнамада белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.
17. Ресми ақпаратты жариялау құқығы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттеу өкілеттігіне жататын мемлекеттік орган өткізетін тендердің нәтижесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралына (бұдан әрі - Баспагер) беріледі.
18. Баспагер үшiн:
орталық мемлекеттiк орган белгiленген тәртiппен берген бүкiл ресми ақпаратты орынды мерзiмде мiндеттi түрде жариялау;
орталық мемлекеттiк органдардың ресми ақпараты мен жарнаманы қоспағанда, осы басылымда кез келген өзге де редакциялық материалдардың болмауы мiндеттi шарттар болып табылады.
19. Ресми хабарламаның мәтiнін жариялау корректорлық және редакторлық түзету мен қысқартусыз жасалуға тиiс. Баспагердiң қандай да бiр түсiнiктеме жасауына жол берiлмейдi.
20. Орталық мемлекеттiк органның бүкiл ресми ақпаратын жариялау республикалық бюджет қаражатын тартусыз жүзеге асырылады.
21. Баспагер өз қаражаты есебiнен және мәтiн аудармасының ресми еместiгiне міндеттi түрде сiлтеме жасай отырып, орталық мемлекеттiк органдардан алынған ақпаратты кез келген шет тiлiнде жариялауға құқылы.
Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.