Үшінші бір елден тауарлар мен қызметтердің Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің рыноктарына кіруін реттеу жөніндегі шаралар туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 сәуір N 465

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Келісім қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2000 жылғы 6 қазанда Астана қаласында жасалған Үшінші бір елден тауарлар мен қызметтердің Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің рыноктарына кіруін реттеу жөніндегі шаралар туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

             Yшiншi бiр елден тауарлар мен қызметтердiң
          Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң рыноктарына
              кiруiн реттеу жөнiндегi шаралар туралы
                           КЕЛIСIМ
 
      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Беларусь Республикасы Yкiметi, Қазақстан Республикасы Үкiметi, Қырғыз Республикасы Yкiметi, Ресей Федерациясы Yкiметi және Тәжiкстан Республикасы Yкiметi,
      Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы Z990403_ шартқа жақтаушылықты растай отырып,
      Тараптар арасындағы Кеден одағына қатысушы бiр мемлекеттiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiнiң Кеден Одағына қатысушы басқа мемлекеттердiң (бұдан әрi мәтiн бойынша - мемлекеттiң) аумағында өзара рынокқа шығу мүмкiндiктерi үшiн шарттарды ырықтандыруды көздейтiн барлық келiсiмдер мен уағдаластықтарды толық көлемде орындауды қамтамасыз етуге ұмтылыс бiлдiре отырып,
      мұндай ырықтандыру үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiнiң мемлекеттiң iшкi рыноктарына шығуын реттейтiн ұлттық жүйелер үшiн залалсыз жүзеге асырылуы тиiс деп есептей отырып,
      Тараптардың үшiншi елдердiң тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер рыноктарының қолдампаздық деңгейлерiндегi оларға қатысты орын алып отырған айырмашылықтарын пайдалануы себептi туындайтын экономика үшiн жағымсыз салдарларын болдырмау немесе барынша азайту қажеттiгiн мойындай отырып,
      Келiсiм үшiншi елдерге қатысты мемлекеттердiң сауда-экономикалық режимдерiн жақындату және ең ақырында сәйкестендiру үшiн қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге тиiс екендiгiн шамалай отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
 
                             1-бап
 
      1. Осы Келiсiмнiң ережелерi мемлекеттер арасында Кеден одағы шеңберiнде қолданылатын уағдаластықтармен көзделмеген жағдайларда қолданылады.
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерi деп үшiншi елдерде шығарылатын тауарлар және Кеден одағы мемлекеттерiнiң бiрiнің аумағы арқылы үшіншi елдердiң экономикалық операторларының қатысуымен өндiрiлетiн және/немесе өткiзiлетiн қызмет көрсетулер ұғылады.
      Тараптар бұл ретте Кеден одағы шеңберiнде қолданылатын тауарлар шығарылған елдi анықтау ережелерiн басшылыққа алады.
      2. Тараптар мемлекеттер аумағына үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiн жеткiзу шарттарына қатысты бiрыңғай нормаларды, ережелердi, рәсiмдердi, тарифтердi енгiзгенге және кез келген басқа да шараларды толық сәйкестендiргенге дейiн әрбiр Тарап өзiнiң аумағына үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiн жеткiзу жөнiнде ол қолданатын шараларды орағытып өтуді болдырмауға бағытталған шаралар қолдануға құқылы.
      3. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн шаралар мынадай тәртiппен белгiленсiн: тартылған мемлекеттерге қатысты кемсiтушiлiксiз негiзде, осы Келiсiммен көзделген тәртiппен және шарттармен қолданылатын, бiр мемлекеттiң рыноктарына басқа мемлекеттерден тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер жеткiзудi шектеу жөнiндегi шаралар.
      4. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн көрсетiлген шараларды енгiзудiң мазмұны мен тәртiбi мынадай тәртiппен айқындалады:
      а) осы баптың ережесiне сәйкес шаралар үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiнiң мемлекеттердiң iшкi рыноктарына шығу шарттарында нақты айырмашылықтар болған жағдайда ғана қолданылады, бұл ретте олардың мазмұны осы айырмашылықтардан туындаған жағымсыз экономикалық салдарларды жоюға немесе барынша азайтуға бағытталуы тиiс;
      б) көрсетiлген шараларды енгiзудiң алдында экономикалық салдарлардың аясын, себептерi мен көлемiн нақты анықтау үшiн мүдделi Тараптардың консультациялары болып өтуi тиiс;
      в) көрсетiлген шараларды енгiзу Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясының Мемлекетаралық Кеңесi жанындағы үкiмет басшылары Кеңесiнiң 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 20 шешiмiмен бекiтiлген, үкiметтердiң Кеден одағы мәселелерi жөнiндегi жобаларды келiсе және шешiмдер қабылдау тәртібi туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады;
      г) енгiзiлетiн шаралар уақытша сипатқа ие және осы баптың а) тармағында көрсетiлген айырмашылықтарды жойғанын немесе Тараптар өзара қолайлы уағдаластыққа қол жеткiзгеннен кейiн дереу жоюға жатады;
      д) осы баптың 2-тармағына сәйкес оған қатысты шаралар енгізiлген мемлекет олардың күшiн жою немесе жұмсарту мүмкіндiктерiн талқылау мақсатында консультациялар өткiзуге ынтагерлiк бiлдiруге құқылы. Бұл ретте көрсетiлген шараларды енгiзген мемлекет осы ұсынысты алған күннен бастап бір айлық мерзiмде осы консультацияларға кiрiсуi тиiс.
 
                            2-бап
 
      Тараптың қабылдайтын шараларын орағытып өтудi болдырмау деп оның әдетте Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттерге туғызатын жағдайларына ұқсас, үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiне осы Тараптың өз рыногына шығуға жағдай туғызудан бас тарту құқығы ұғылады.
 
                            3-бап
 
      Тараптар Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық Комитетi (бұдан әрi - Интеграциялық комитет) арқылы үшiншi елдердiң экономикалық операторларының мемлекеттердiң рыноктарына шығу мүмкiндiгi жөнiнде қолданылатын шараларды орағытып өту әрекеттерi туралы, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 1-бабының ережелерiне сәйкес қабылданатын шаралар туралы тұрақты ақпарат алмасып тұратын болады.
 
                            4-бап
 
      Тараптардың кез келгенi депозитарий болып табылатын Интеграциялық Комитетке өзiнiң ой-ниетi туралы шығуынан кем дегенде алты ай бұрын жазбаша ескерту жолдай отырып, осы Келiсiмнен шығуға құқылы.
 
                            5-бап
 

      Осы Келiсiм Тараптар ұлттық заңнамаға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қол қойған күннен бастап уақытша қолданылады және депозитарийдiң қажеттi мемлекетiшiлiк ресiмдердiң орындалғаны туралы Тараптардан соңғы хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Осы Келiсiмнiң түпнұсқалық данасы Интеграциялық Комитетте сақталады, ол осы Келiсімге қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

     Астана қаласында 2000 жылғы 6 қазанда орыс тілінде бір данада жасалды.

     Беларусь Республикасы
     Үкіметі үшін

     Қазақстан Республикасы
     Үкіметі үшін

     Қырғыз Республикасы
     Үкіметі үшін

     Ресей Федерациясы
     Үкіметі үшін

     Тәжікстан Республикасы
     Үкіметі үшін