Еркін сауда аймағындағы техникалық тосқауылдар жөніндегі келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 наурыз N 340

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының


халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995

жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 


U952679_
 

  заң күші бар Жарлығының 16-бабы

1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

қаулы етеді:

     1. 2000 жылғы 20 маусымда Мәскеу қаласында жасалған Еркін сауда

аймағындағы техникалық тосқауылдар жөніндегі келісім бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                            ресми расталған мәтін


              Еркін сауда аймағындағы техникалық
                    тосқауылдар жөнiнде
                         КЕЛIСIМ


     Бұл Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Yкiметтерi, бұдан былай

Тараптар деп аталады,

     1999 жылдың 04 маусымында қабылданған ТМД Yкiметтерiнiң басшылары

Кеңесiнiң шешiмiн орындау жөнiндегi жұмыстың негiзгi бағыттарын жүзеге

асыруға жәрдемдесе отырып;

     1993 жылғы 22 қаңтарда қабылданған ТМД Жарғысының ережелерiне

негiзделе отырып;


 
       1994 жылғы Сауда және тарифтер жөнiндегi бас келiсiмдi және Дүниежүзiлiк сауда ұйымының келiсiмдер жүйесi принциптерiн басшылыққа ала отырып;
      1994 жылғы Саудадағы техникалық тосқауылдар жөнiндегi келiсiмдi еске ала отырып;
      ТМД қатысушы мемлекеттердiң ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiн қорғау және халықаралық сауданың дамуына қолайлы жағдай жасау қажеттiлiктерiнен туындап;
      Достастыққа қатысушы мемлекеттерде техникалық реттемелердiң,

 

стандарттардың және тауарлардың техникалық реттемелер мен стандарттарға

сәйкестiгiн мойындау процедуралары салаларында ақпараттық-анықтамалық

қызметiнiң жұмысы жөнiнде, техникалық реттемелердi және стандарттарды

әзiрлеп, қабылдап, қолдануының хұқықтық негiздерiн қамтамасыздандыру

жөнiнде үйлесiмдi саясат жүргізуге ұмтылып,

     төмендегi мәселелер бойынша келiсiмге келдi:


                         1-Бап

                       Анықтамалар


     Бұл Келiсiм мақсаттары үшiн төменде берiлген терминдер келесi

мағынаға ие:


 
       саудадағы техникалық шаралар - тауарларға қойылатын талаптарды сақтау қызметiн белгiлеп, iске асыру түрiндегi, сонымен қатар тауарлардың қойылған талаптарға сәйкестiгiн мiндеттi түрде дәлелдеу процедураларын қолдану түрiндегi техникалық саясат шаралары;
      саудадағы техникалық тосқауылдар - ұлттық және мемлекетаралық реттемелердiң, стандарттардың немесе сәйкестiктi мойындау процедураларының талаптары мен халықаралық техникалық реттемелердiң, стандарттардың немесе сәйкестiктi дәлелдеу процедураларының талаптары арасындағы айырмашылық. Ол бұл Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңнамалары бекiткен техникалық реттемелер мен стандарттардың мақсаттарына жету үшiн қажеттi шектеушi әсерден көп, және соған байланысты халықаралық саудада және отандық нарықта тауарларды iске асыруда көптеген кедергiлерге әкеледi.
      техникалық реттеме - мемлекеттiк билiк органы бекiткен өнiмге немесе оған байланысты үдерiстер мен өндiру әдiстерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құжат. Ол терминология, белгiлердi (символ), тағанақты, таңбалауды, заттаңбалауды қамтиды немесе тұтас осы мәселелерге арналады;
      стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен жалпы және бiрнеше рет қолдануға арналған тауарларға немесе олармен байланысты үдерiстер мен өндiрiс әдiстерiне қолданылатын ережелер мен мiнездемелердi қамтитын нормативтiк құжат;
      халықаралық стандарт - стандарттаумен айналысатын халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшiлiгі қол жеткiзе алатын стандарт;
      мемлекетаралық стандарт - Тараптар қабылдаған, тұтынушылардың көпшiлiгi қол жеткiзе алатын аймақтық стандарт;
      ұлттық стандарт - тұтынушылардың көпшiлiгі қол жеткiзе алатын, ұлттық Заңнама белгiлеген тәртiпке сәйкес қабылданған Тараптың мемлекеттiк стандарты;
      сәйкестiктi дәлелдеу - нәтижесiнде өнiмнiң немесе қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәләндыратын құжаттық куәлiк болатын әрекет;
      сәйкестiгiн мiндеттi түрде дәлелдеу - белгiлi бiр өнiм немесе қызмет үшiн Тараптардың Ұлттық Заңнамасы енгiзген, бұл өнiмнiң немесе қызметтiң қауiпсiздiгiн қамтамасыздандыратын нормативтiк талаптарға сәйкестiгiн тексеру үшiн мiндеттi түрде жүргiзiлетiн сәйкестiктi дәлелдеу;
      жеткiзушi - өнімді іске асыру үшін ұсынатын және оның сапасы мен қауiпсiздiгi үшiн жауапты шаруашылық әрекет субъектiсi;
      мүдделi органдар - Стандартты немесе техникалық реттемелердi қолданатын немесе қолдану ниетi бар Тараптың шаруашылық әрекет субъектiлерi немесе атқарушы билiк органдары.
 
                          2-Бап
                  Техникалық реттемелер
 
      Техникалық реттемелер - бұл:
      - өнiмге немесе өндiру әдістерiне және оған байланысты үдерiстерге мiндеттi талаптарды белгiлейтiн Тараптың ұлттық нормативтiк-хұқықтық актiлерi;
      - Тараптардың ұлттық Заңнамаларына сәйкес өнiмге немесе оған байланысты үдерiстер мен өндiрiс әдiстерiне қойылатын, мiндеттi талаптарды белгiлейтiн мемлекетаралық, сонымен қатар ұлттық (мемлекеттiк) стандарттар.
      Тараптың әкiмшiлiк - аймақтық бiрлiгі аймағында өмiр сүретiн халықтың

 

өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн, сонымен қатар қоршаған орта үшiн

зиянды ерекше климаттық және географиялық жағдайлар орын алған жағдайда

мемлекеттiк билiк органдары немесе Тараптың әкiмшiлiк-аймақтық

бiрлiгiнiң билiк органдары жалпы ұлттық деңгейде қабылданған техникалық

реттемелермен салыстырғанда ұлттық заңнамаға сәйкес қосымша қатаң талаптар

белгiлеуге хұқылы.


                           3-Бап

        Техникалық реттемелер мазмұнына қойылатын жалпы

                          талаптар


     1. Техникалық реттемелер саудада:

     - Ұлттық қауiпсiздiк, оның iшiнде экономикалық және өнеркәсiптiк;

     - азаматтардың өмiрi мен денсаулығын сақтау;


 
       - қоршаған табиғи ортаны қорғау (жануарлар мен өсiмдiктер

 

әлемi), табиғи ресурстар мен энергиямен қамтамасыздандыруды

рационалды қолдану;

     - алдау практикасын алдын алу (тауарлар мен қызметтер тұтынушыларын)

олардың сапасы, қауiпсiздiгi жайлы мақсаттарын қамтамасыздандыру үшiн

қажеттi болған жағдайлардан басқа кездерде шектеу әрекеттерiн қолданбауы

керек.

     2. Халықаралық стандарттар немесе олардың жобалары бұл мақсаттарды

қамтамасыздандыра алмайтын жағдайлардан басқа кезде, Тараптар техникалық

реттемелердi әзiрлеу барысында негiз ретiнде халықаралық стандарттарды

немесе олардың жобаларын қолданады.


                            4-Бап

         Техникалық реттемелердi әзiрлеу үдерiстерiне қойылатын

                         жалпы талаптар



 
       1. Тараптар жаңа техникалық реттемелердi әзiрлеу немесе қолданыстағы реттемелерге өзгерiс енгiзу барысында мүдделi Тараптар органдарының олармен танысуға мүмкiндiгi болатындай ресми басылымдарда хабарлама жариялауға мiндеттеледi.
      2. Жаңа техникалық реттемелердi әзiрлеу немесе Тараптар саудасына әсер етуi мүмкiн қолданыстағы реттемелерге өзгерiс енгiзу барысында техникалық реттеменi әзiрлеушi Тарап Ақпараттық-анықтамалық орталық арқылы бұл реттеме (өзгерiс) қамтитын тауарлар жөнiнде басқа Тараптарға хабарлайды, және техникалық реттеме, стандарт көшiрмелерiмен немесе бұл техникалық реттеменi қабылдау негiздемесiмен қамтамасыздандырады. Халықаралық стандарттарға сәйкес техникалық реттемелердi әзiрлеу барысында тек сол сәйкестiк жөнiнде ғана мәлiмет берiледi.
      3. Мүдделi Тараптар техникалық реттемелердi әзiрлеушi Тарапқа, осы баптың 1 тармағында көрсетiлген, техникалық реттеме жобасы ресми басылымдарда жарияланған күнiнен бастап 3 айдан аспайтын мерзiм ішiнде жазбаша түрде ескертулер жiбере алады.
      4. Төтенше жағдай (азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, қауiпсiздiгiне, қоршаған табиғи ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке қатер төнген жағдайда) кезiнде техникалық реттеменi жедел әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгізу қажеттiлiгі туындаған жағдайда техникалық реттемелердi әзiрлеушi Тарап бұл мерзiмде осы баптың 1 және 3 тармақтарының ережелерiн орындаудан бас тартуға хұқылы.
      Мұндай жағдайда Тараптар төтенше жағдайлар көрсетiлген техникалық реттеменiң әзiрленуi жайлы хабардар етiледi, және жазбаша түрде ескертулерiн жiберу мақсатында олардың сұрауы бойынша техникалық реттеме көшiрмесi жiберiледi.
      5. Тараптар техникалық реттемелердiң бекiтiлуi (қабылдануы) және өз аймағында қолданысқа енгiзiлгенi жайлы мәлiметтi оларды бекiткен (қабылдаған) күннен бастап екi жұма ішiнде жариялайды.
      Бекiтiлген (қабылданған) техникалық реттемелер қабылданған күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзiм ішiнде жарияланады.
      Техникалық реттемелердi бекiту (қабылдау) күнi мен оларды қолданысқа енгiзу күнi аралығында мүдделi органдар ұсыныстары бойынша, техникалық реттемелердi бекiтетiн (қабылдайтын) мемлекеттiк билiктің ұлттық органы анықтайтын, өнiмге немесе оны өндiру әдiстерiне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт мерзiмi белгіленедi.
      6. Техникалық реттемелердi қабылдау жағдайлары мен мақсаттары ғайып немесе өзгеретiн болса, Тараптар техникалық реттемелердiң күшiн жояды немесе оған өзгерiстер енгiзедi және бұл туралы мәлiметтi жария етедi.
      7. Техникалық реттемелер, стандарттар, сәйкестiктi бағалау процедуралары жайлы ақпарат және құжаттар орыс тiлiнде ұсынылады.
 
                              5-Бап
           Ұлттық (мемлекеттiк) техникалық реттемелер мен
      стандарттарға балама үшiншi елдердiң халықаралық және ұлттық
      техникалық реттемелерi мен стандарттарын мойындау мүмкiндiгi
 
      1. Yшiншi елдердiң халықаралық және ұлттық техникалық реттемелерi мен стандарттары келесi жағдайларда Тарап бекiткен (қабылдаған) техникалық реттемелерге балама бола алады:
      бұл құжаттар ұлттық заңнама талаптарына қайшы келмеген жағдайда;
      бұл құжаттардың қолданыстағы ұлттық (мемлекеттiк) техникалық реттемелер мен стандарттарда көзделген мөлшерде мақсаттардың орындалуына жәрдемдескен жағдайда.
      2. Yшiншi елдердiң халықаралық және ұлттық техникалық реттемелерi мен стандарттарының Ұлттық (мемлекеттiк) техникалық реттемелер мен стандарттарға баламалығын мойындауды Тараптардың өнiм немесе онымен байланысты үдерiстер мен өндiру әдiстерi үшiн мiндеттi талаптарды

 

белгiлеуге құзыреттi ұлттық атқарушы органдары жүзеге асырады.


                          6-Бап

         Техникалық реттемелердегi стандарттарға сiлтеме


     Тараптар техникалық реттемелердi әзiрлеу барысында негiз ретiнде

халықаралық және ұлттық (мемлекеттiк) стандарттарға тұтас немесе ішiнара

сiлтеме немесе мәтiн келтiру арқылы халықаралық стандарттармен үйлесiмдi

халықаралық және ұлттық (мемлекеттiк) стандарттарды қолданады.


                          7-Бап

          Техникалық реттемелердi және стандарттарды әзiрлеу

                      жұмыстарын үйлестiру



 
       1. Тараптың ұлттық (мемлекеттiк) атқарушы билiк органдары бекiткен (қабылдаған) техникалық реттемелердi әзiрлеу жұмыстарының бағдарламалары басқа мүдделi Тараптардың атқарушы билiк органдарының барлығына жiберiледi.
      2. 4 баптың 1 тармағына сәйкес қандай да бiр Тарап техникалық реттеменi әзiрлеу жұмысының басталуы жайлы ресми ақпаратты жариялаған жағдайда, басқа Тараптар ұқсас техникалық реттеменi әзiрлеуден қалыс қалады. Сонымен қатар басқа Тараптарға бұл әзiрлеу жұмысына қатысу мүмкiншiлiгi берiлуi тиiс.
 
                                8-Бап
          Саудадағы техникалық тосқауылдар саласында ақпараттық
                       қамтамасыздандыру
 
      1. Тараптар өз мемлекеттерiнде бiртұтас ақпараттық-анықтама орталықтарының құрылуын және дамуын көздеген шараларды жүзеге асырады. Ақпараттық-анықтама орталығы мүдделi органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұраулары бойынша:
      - мемлекетте әзiрленген немесе бекiтiлген (қабылданған) техникалық реттемелер мен стандарттарға қатысты;
      - Тарап аймағында қолданылатын немесе қолданысқа енгiзуi жоспарланған техникалық реттемелер мен стандарттардың сәйкестiгін дәлелдеу процедурасына қатысты;
      - мемлекеттiң аймақтық стандарттау ұйымдарына немесе сәйкестiктi дәлелдеу жүйелерiне, сонымен қатар бұл мәселелер жөнiндегi екiтарапты немесе көптарапты халықаралық келiсiмдерге қатысуына және мүшелiгiне қатысты;
      - бұл Келiсiмнiң 4 бабында аталған хабарламалар жарияланатын басылымдарға қатысты мәлiметтi және құжаттар көшiрмесiн ұсынады.
      2. Бұл Келiсiмнiң 8 бабының 1 тармағында аталған мәселелер бойынша Тараптар анықтама ресурстарын қалыптастырып, оны әрдайым толықтырып отырады.
      3. Бұл Келiсiмнiң 8 бабының 1 тармағында аталған мәлiметтердi және құжаттар көшiрмесiн ұсыну қызметi үшiн Тараптар барлық пайдаланушыларға бiркелкi төлем ақының белгiленуiн қамтамасыз етедi (құжаттарды жеткiзу шығындарын есептемегенде).
      4. Тараптардың жазбаша ескертулерiн қабылдау үшiн, бұл Келiсiмде ескерiлген жағдайларда, стандарттар және техникалық реттемелер жобалары оны әзiрлеушi Тараптың ұлттық (мемлекеттiк) ақпараттық-анықтама орталығы арқылы ұсынылады.
 
                              9-Бап
                Сәйкестiктi мiндеттi түрде дәлелдеу
 
      1. Басқа Тарап аймағында өндiрiлетiн өнiмдi жеткiзушiлерге қатысты әзiрленiп, бекiтiлетiн және қолданылатын сәйкестiктi мiндеттi түрде дәлелдеу процедуралары ұқсас отандық өнiмдi жеткiзушiлер үшiн де сондай болуы тиiс.
      2. Сәйкестiктi мiндеттi түрде дәлелдеу процедураларын белгiлеу осындай процедуралар жөнiндегi халықаралық ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл процедуралар жөнiндегi халықаралық ұсыныстар болмаған жағдайда, сәйкестiктi мiндеттi түрде дәлелдеу процедурасы бұл Келiсiмнiң 4 бабының 1-7 тармақтарында ескерiлген ережелер негiзiнде белгiленедi.
 
                          10-Бап
       Сәйкестiктi мiндетті түрде дәлелдеу нәтижелерiн мойындау
 
      1. Сәйкестiктi мiндеттi түрде дәлелдеу нәтижелерiн мойындау процедураларын, сәйкестiктi мiндеттi түрде дәлелдеу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргiзетiн Тараптың ұлттық (мемлекеттiк) атқарушы билiк органдары анықтайды.
      2. Yшiншi елдердiң сертификаттарын, сәйкестiк белгiлерiн мойындау

 

Тараптың мемлекеттiк атқарушы билiк органы құзыретiне жатады.

     3. Сәйкестiктi мiндеттi түрде дәлелдеу және экологиялық және

радиациялық қауiпсiздiгiн қоса гигиеналық, ветеринарлық және басқа

сәйкестiктi мойындау жөнiндегi басқа құжаттардың нәтижелерiн мойындау

мәселелерiн әр Тарап өзi шешедi.


                            11-Бап

       Тараптар субъектiлерi қабылдайтын техникалық реттемелер

                          жайлы ақпарат


     Тараптар субъектiлерi бұл Келiсiмнiң 2 бабына сәйкес әзiрленiп,

қабылданған техникалық реттемелердi өздерiнiң ақпараттық-анықтама

орталығына ұсынады.


                           12-Бап

             Техникалық реттемелер мен стандарттарды

     Тараптар аймағында өндiрiлетiн тауарларға қатысты қолдану

                            режимi



 
       1. Әр бiр Тарап өз аймағында және басқа Тарап аймағында өндiрiлетiн тауарларға бiркелкi және бiр дәрежелi техникалық реттемелер мен стандарттарды қолданады.
      2. Техникалық реттеменi немесе стандартты қабылдаған Тараптың мемлекеттiк билiк органы бұл техникалық реттеменiң немесе стандарттың сауда үшiн, оның ішiнде халықаралық сауда үшiн кедергi ретінде пайдаланылуы немесе пайдалану мүмкiндiгi жайлы хабарлама алған жағдайда, ол мұндай пайдалануды келешекте болдырмас үшiн төмендегiдей шаралар қолданады:
      қажеттi жағдайда техникалық реттеменiң немесе стандарттың ережелерiн нақтылау;
      еркiн сауда аймағындағы кедергiлердi барынша жою мақсатында техникалық реттеме немесе стандарт белгiлеген шектеулердi қолдану тәртiбiне және талаптарына баспасөзде ресми түсiнiктеме жариялау.
 
                             13-Бап
           Техникалық реттемелер мен стандарттар талаптарының
                орындалуын бақылау және қадағалау
 
      1. Техникалық реттемелер талаптарының орындалуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау Тараптардың ұлттық заң актiлерi белгiлеген тәртiп және талаптар негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Тараптар бекiткен (қабылдаған) техникалық реттемелер талаптарының орындалуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау өнiмдi өндiру, дайындау, қайта өндiру, сақтау өнiмнiң импорты мен экспорты туралы келiсiм-шарт жасасып, орындау пайдаланылған немесе пайдаланылмаған өнiмдi тұтыну (қолдану), жаңарту, жою және көму стадияларында жүзеге асады.
 
                             14-Бап
                     Жұмыстарды қаржыландыру
 
      Тараптардың ұлттық (мемлекеттiк) атқарушы билiк органдарының ақпарат

 

ресурстарын құруы, техникалық реттемелер мен стандарттарды әзiрлеуi,

техникалық реттемелердiң орындалуын мемлекеттiк бақылауы және қадағалауы

Тараптардың мемлекеттiк бюджеттерiнен бұл мақсаттарға бөлiнген қаражат

мөлшерiнде қаржыландырылады. Сонымен қатар, мүдделi ұйымдар мен басқа

бюджеттiк емес қаржыландыру көздерi қаражатының жұмсалуы да мүмкiн.


                            15-Бап

          Бұл Келiсiмнiң басқа халықаралық шарттармен қатынасы


     Бұл Келiсiм ережелерi Тараптардың өзге халықаралық шарттарға сәйкес

қабылданған хұқықтары мен мiндеттерiне қатыссыз.


                             16-Бап

                      Күшiне ену тәртiбi



 
       Бұл Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi, ал заңнамалары

 

күшiне ену үшiн мемлекет ішіндегi процедураларды орындауды талап ететiн

мемлекеттерде айтылған процедуралардың орындалуы жөнiнде хабарламаның

депозитарийге сақтауға беру күнiнен күшiне енедi.


                             17-Бап

                  Өзгертулер мен толықтырулар


     Тараптар келiсiмi бойынша бұл Келiсiмге бөлек хаттамалармен

ресiмделген өзгертулер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.

     Хаттамалар бұл Келiсiмде күшiне ену үшiн белгiленген тәртiп негiзiнде

iске қосылады және Келiсiмнiң айырылмас бөлiгi болып табылады.


                             18-Бап

                    Дау мәселелердiң шешiлуi


     Бұл Келiсiмдi қолданумен немесе түсiндiрмесiмен байланысты туындаған

дау мәселелерi мүдделi Тараптардың кеңесi және келiссөздерi арқылы

шешiледi.

     Дау мәселелерi келiссөз арқылы шешiлмеген жағдайда, Тараптар ТМД

Экономикалық Сотының немесе басқа халықаралық құзыреттi сот көмегiн

сұрайды.


                              19-Бап

                Бұл Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi


     Бұл Келiсiм тұрлаусыз мерзiмге жасасады.


                              20-Бап

                  Келiсiмге қатысудың тоқтатылуы



 
       Әр бiр Тарап Келiсiмнен шығу күнiнен 6 ай бұрын депозитарийге бұл

 

туралы жазбаша хабарлама жiберiп, Келiсiмнен шығуына байланысты пайда

болған мiндеттемелердi реттеп, бұл Келiсiмнен шыға алады.

     Депозитарий бiр айлық мерзiм iшiнде Келiсiмнен шығу туралы Келiсiмге

қатысушылардың барлығына хабарлайды.


                          21-Бап

                 Келісімге басқа елдердің қатысуы


     Қатысуы жайлы құжаттарды депозитарийге тапсыру арқылы, Келісім

мақсаттары мен принциптерін қолдайтын, еркін сауда аймағына қатысушы басқа

мемлекеттер бұл Келісімге қосыла алады.


     2000 жылғы 20 маусым күні орыс тілінде бір шын данада жасалды. Шын

дана ТМД Атқарушы комитетінде сақтаулы. Бұл Келісімге қол қойған әрбір

мемлекетке Атқарушы комитет шын дана көшірмесін жібереді.


         "Еркiн сауда аймағындағы техникалық тосқауылдар"

              жобасына Өзбекстан Республикасының

                           ескертулерi


     6 бап келесi мазмұнда жазылсын:


 
       "Техникалық реттемелердi әзiрлеу барысында Тараптар белгіленген тәртiп бойынша халықаралық талаптарға сәйкес үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етедi".
      7 бап атауы "Техникалық реттемелер мен стандарттарды әзiрлеу" деп ауыстырылсын.
      7 баптың 2 тармағы келесi мазмұнда жазылсын:
      "4 баптың 1 тармағына сәйкес қандай да бiр Тарап техникалық

 

реттеменi әзiрлеу жұмысының басталуы жайлы ресми ақпаратты жариялаған

жағдайда, әзiрлеушi Тарап басқа Тараптардың әзiрлеу процедурасына қатысу

мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл ереже басқа Тараптардың ұқсас техникалық

реттемелер мен стандарттарды әзiрлеу хұқығын.

     9 баптың 2 тармағы келесi мазмұнда жазылсын:

     "Сәйкестiктi мiндеттi түрде дәлелдеу процедураларын белгiлеудi,

басшылық талаптарына сәйкес, Тараптың құзыреттi органы жүзеге

асырады".

     10 баптың 3 тармағы "ветеринарлық" сөзiнен кейiн "сонымен қатар

экологиялық және радиациялық" сөздерiмен толықтырылсын, әрi қарай мәтiн

бойынша.

     14 баптың "Тараптардың мемлекеттiк бюджеттерiнен бұл

мақсаттарға бөлiнген қаражаты" сөздерi "қаржыландырудың басқа

бюджеттiк емес көздерiнiң мүдделi ұйымдарының өзiндiк қаражаты" сөздерiмен

ауыстырылсын.

     18 баптың екiншi азат жолы алынып тасталсын.



     Бұл мәтiн 2000 жылғы 20 маусымда Москва қаласында өткiзiлген ТМД

үкiметтерi басшыларының Кеңесi мәжiлiсiнде қабылданған Еркiн сауда

аймағындағы техникалық тосқауылдар жөнiндегі келiсiмнiң түпнұсқа көшiрмесi

болып табылады. Бұл Келiсiмнiң шын данасы ТМД Атқарушы комитетiнде

сақтаулы.


     Тәуелсiз Мемлекеттер

     Достастығының Атқарушы

     Хатшысы - Атқарушы комитет

     Төрағасының орынбасары


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.