"Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Білім институтының Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Ескерту. Жоба қайтарылып алынды - ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 765 қаулысымен. ~P010765

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 қараша N 1671

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамының мемлекеттiк емес заем тартуы жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 қыркүйектегi N 1475 P001475_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "кредиторларға "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z990473_ Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитiнiң шегiнде 100 000 000 (жүз миллион) АҚШ доллары мөлшерiндегi негiзгi борышты, сондай-ақ кепiлгердiң төлеуiне жататын пайыздарды және өзге де төлемдердi қамтитын сомаға тартылатын заем бойынша Қоғамның мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету ретiнде Қазақстан

 

Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн".

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.

     3. Осы қаулы 2000 жылғы 26 қазаннан бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

Оқығандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.