05.10.2000

Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы

      Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 сәуiрдегi № 492 қаулысына сәйкес және ақпараттандыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.06.2016 № 353 қаулысымен.
      1. Әкiмшiлердiң мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруы, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен ақпараттық жүйелердiң аппараттық және бағдарламалық қамтылымын өзге түрде сатып алуы кезiнде осындай сатып алудың мiндеттi шарты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен келiсу болып табылады деп белгiленсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.06.2016 № 353 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ) оған - "БанкНет" банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы" жабық акционерлiк қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.02.09 N 195 Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 мамырдағы N 659 қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестердiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрi 216-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 4 сәуiрдегi N 492 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 18, 188-құжат):
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Қоғам мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру жөнiндегi уәкілетті ұйым болып табылатыны белгiленсiн;";
      "оның құрамына Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң (төраға), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келiсiм бойынша) өкiлдерiн енгiзе отырып, Қоғамның Директорлар кеңесiн құруды қамтамасыз етсiн;
      Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi ақпараттық жүйелердi аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн;";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-ның жарғылық қорын қалыптастыру үшiн 72 500 (жетпiс екi мың бес жүз) теңге бөлсiн;
      2) 2001 жылға арналған республикалық бюджетті iске асыру туралы қаулының жобасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi болып табылатынын көздесiн.".
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша, осы қаулыдан туындайтын өзге де iс-шараларды жүзеге асырсын.
      6. "Мемлекеттiк қаржы жүйесiнiң ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету орталығы жабық акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 шiлдедегi N 956 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі


Дата вступления в силу:  05.10.2000
Дата изменения акта:  16.06.2016
Дата принятия акта:  05.10.2000
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 42, 485-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1501
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  001008000000 / 005005000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz