1. 1999 жылғы 2 қыркүйекте Астана қаласында жасалған, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті мен Армения Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің арасындағы Контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті мен Армения Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің арасындағы Контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі қарсы ынтымақтастық туралы Келісім
Бұдан әрі Шарттасушы деп аталатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті мен Армения Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі,
контрабанданың және қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар есірткі құралдары және психотроптық заттардың заңсыз саудасының алдын алу, тергеу және жолын кесу іс-қимылдарын жеделдету мақсатында,
осы саладағы ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Шарттасушы Тараптар, тең құқылық және өзара сыйластық принциптерін басшылыққа ала отырып, Шарттасушы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес және осы келісім шеңберінде контрабанда мен кеден ережелерін бұзушылықтың, сондай-ақ қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымын алдын алу, тергеу және жолын кесу мақсатында ынтымақтасатын болады.
2-бап
Шарттасушы Тараптар жүк және жолаушылар қатынастарындағы және почталық айырбастағы кедендік бақылауды жеделдетуге, сондай-ақ көлік құралдарының, жүктің, жолжүгінің, почталық жөнелтімдердің, валютаның, басқа төлем құралдарының және валюталық құндылықтардың заңсыз әкелінуін, әкетілуін және транзитін ескертуге, осы келісімге қатысушы мемлекеттердің экономикалық және басқа мүдделеріне келетін нұқсанды болдырмауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдайды.
3-бап
Шарттасушы Тараптар осы келісімнің негізінде өз құзыреттерінің шегінде және ұлттық заңдарды сақтай отырып бір-бірімен ынтымақтасады:
а) қолданылып жүрген кеден заңдары туралы ақпаратпен;
б) контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға қарсы күрес, контрабанда және қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың жасырын саудасының алдын алу, тергеу және жолын кесудегі іс-қимылдарын жандандыру әдістері туралы ақпаратпен;
в) бақылаудың техникалық құралдарын, арнайы жаттықтырылған иттерді пайдалану тәжірибесімен;
г) қару-жарақ пен есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес әдістерін оқыту мақсатында мамандармен;
д) котрабандаға және қару-жарақ пен есірткі құралдарының ғылыми жарияланымдар және оқулық құралдарымен;
е) есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндіру орындары мен
жаңа түрлері, оларды заңсыз тасымалдау маршруттары және жасыру әдістері туралы ақпаратпен; ж) есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сәйкестендіру және зертханалық анализ саласындағы ақпаратпен; з) түрлі елдер мен аймақтардағы қару-жарақ пен есірткі құралдарына бағалардың өзгеруі туралы ақпаратпен; и) есірткі құралдарының синтезі үшін қолданылатын бастапқы химикаттар туралы ақпаратпен; к) өсімдік, сондай-ақ синтетикалық шығу тегіндегі есірткі құралдарының түпнұсқалық үлгілерімен; л) қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың заңсыз тасымалдану маршруттары және жасыру тәсілдері туралы ақпаратпен алмасатын болады. 4-бап Шарттасушы Тараптардың әрқайсысының бастамасы бойынша және екінші Шарттасушы Тараптың сұрау салуы бойынша: а) контрабандамен немесе қару-жарақтың, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың жасырын саудасымен айналысатын немесе оған күдікті тұлғалар туралы; б) контрабанданы тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдары, жүктер және почталық жөнелтімдер туралы;
в) контрабанда заттары мен есірткі құралдарының бір ел аумағынан келесінің аумағына тасымалдануларын анықтау фактілері туралы жедел деректер береді.
5-бап
Шарттасушы Тараптардың берген ақпараты жазбаша және ауызша түрде құпия болып саналады және осы келісімді орындау мақсатында қолданылады. Шарттасушы Тараптар осы келісімге сәйкес алынған мәліметтерді егер олардың таралуы басқа Тарап мүдделеріне немесе Тараптардың бірлескен іс-қимылдарының мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, басқа ведомстволар мен бұқаралық ақпарат құралдарына бермейді.
6-бап
Егер Шарттасушы Тараптардың біреуінің басқа Тарапқа сұрау салуы (осы келісімнің 3 және 4 баптарына сәйкес) басқа Шарттасушы Тарап мемлекетінің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса, негіздемелер мен уәждерді көрсетумен үндеу кері қайтарылуы мүмкін.
7-бап
Шарттасушы Тараптар олардың ұлттық заңының негізінде, қажет болған жағдайда, олардың заңсыз айналымына қарсы күрес тиімділігін көтеру мақсатында қару-жарақтың, оқ-дәрінің, жарылғыш заттардың бақыланушы жеткізілім әдісін жүзеге асырады.
8-бап
Егер Шарттасушы Тараптардың біреуі контрабанда немесе кеден ережелерінің бұзылуы фактілері бойынша екінші Шарттасушы Тараптың лауазымды тұлғасының қатысуына мүдделі жағдайда, ол келесі Шарттасушы Тарапқа тиісті сұрау салумен жүгінуге құқы бар. Бұл сұрау салуларды қанағаттандыру осы келісімнің 3 және 4-баптарымен реттемеленеді. Шарттасушы Тараптардың біреуінің лауазымды тұлғалары басқа Шарттасушы Тараптың аумағында болған мерзімде өздерінің ресми өкілеттігінің құжаттық растауы болуы тиіс. 9-бап Осы келісімді түсіндіру және жүзеге асыруға байланысты барлық даулы мәселелер Шарттасушы Тараптар арасындағы кеңестер мен келіссөздер жолымен шешіледі. 10-бап Тараптардың келісуі бойынша осы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгертулер мен толықтырулар осы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді және осы келісімнің тиісті бабымен белгіленген тәртіпте күшіне енеді. Тараптар арасындағы хат жазысу орыс тілінде жүргізіледі. 11-бап Шарттасушы Тараптар осы келісімді орындауға байланысты шығындарды өтеуге кінәраттардан бас тартады, мамандардың сапарына байланысты шығындардан басқа. 12-бап Осы келісімнің ережелері басқа халықаралық шарттарға сәйкес басқа Шарттасушы Тараптардың мемлекеттері қабылдаған міндеттерді қозғамайды. 13-бап Осы келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және бес жыл бойы қолданылады, одан кейін егер Тараптардың бірде-бірі тиісті мерзімде алты ай қалғанда оның қолданылуын тоқтату туралы өзінің ниетін жазбаша нысанда мәлімдемесе, ол автоматты түрде келесі бес жылға ұзартылады. 1999 жылғы "____"______________ ____________ қаласында қазақ, армян және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі бұл ретте барлық мәтіндер бірдей болып табылады. Осы келісімнің ережелерін түсіндіру қажет болған жағдайда орыс тіліндегі мәтін негізге алынады. Қазақстан Республикасы Армения Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Мемлекеттік кіріс Кеден комитетінің атынан министрлігінің атынан Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Орынбекова Д.Қ.