Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 мамыр N 797. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.07.04. N 1015 қаулысымен. ~P001015

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.21  N 279 Қаулысымен.

      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақ ССР-iнiң республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., N 5, 23-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақ ССР-iнің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiндегi:
      "Солтүстiк Қазақстан облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Қарасай және Ағынтай"                       Айыртау ауданы,
мемориалдық кешенi                           Мәдениет селосының
                                             оңтүстiгiне қарай
                                             4 шақырымда өнер

"Қарасай және Ағынтай батырлар"              Петропавл қаласы,
мүсiндiк ескерткiшi                          Октябрь алаңы өнер".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі