Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 мамыр N 696

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша кұрылатын жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 P990247_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) тақырыбындағы және 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
      тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының" және "мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын жұмыс топтарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы" және "мен жұмыс топтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен және 25-1, 25-2, 25-3, 25-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "5-1. Жедел жұмыс топтары
      25-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi орынбасарлары мен Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ нақты проблемалар бойынша және түрлi министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерiн тарта отырып кiдiрiссiз және жедел шешудi қажет ететiн мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында жедел жұмыс топтары құрылуы мүмкiн.
      Жедел жұмыс топтары өздерiнiң мәртебесi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң консультативтiк-кеңесшi органы болып табылмайды, олардың арасындағы мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қызметiнiң тиiстi бағыттары бойынша тиiстi ұсынымдар (ұсыныстар) әзiрлеуге арналған.
      25-2. Жедел жұмыс топтарының қызметi, әдетте, қысқа мерзiмдi (3 айдан
аз) сипатта болады және тиiстi проблема және/немесе мәселе бойынша бiрмәрте ұсынымдық шешiм қабылдаумен аяқталады.
      Жедел жұмыс топтарының құрамына әдетте, жедел жұмыс тобына жүктелген мiндеттердi тiкелей атқарушылар, сондай-ақ олардың келiсiмi жағдайында мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың мамандары кiредi.
      25-3. Жедел жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi орынбасарларының және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының шешiмi бойынша құрылады.
      Жедел жұмыс тобының құрамын, оның мақсаттары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi орынбасары және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кенсесiнiң Басшысы бекiтедi.
      25-4. Жедел жұмыс тобының қызметi осы Нұсқаулықтың 20-тармағында

көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады.
     Жедел жұмыс тобының қызметiн тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдайлар 
пайда болған кезде, жедел жұмыс тобының жетекшiсi iстелген жұмыстар туралы 
есеп-хат ұсынады.
     Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасары және/немесе Премьер-Министр 
Кенсесiнiң Басшысы жедел жұмыс тобының қорытындыларына келiсiм бiлдiрген 
жағдайда, оның қызметi тоқтатылған болып есептеледi".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.