Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы Азаматтардың өзара сапарлары туралы келіссөздер жүргізу және келісім жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 мамыр N 680

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина

 

Министрлер Кабинетінің арасындағы Азаматтардың өзара сапарлары туралы

келісімнің жобасы мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі украин

тарапымен келіссөздер жүргізсін және уағдаластыққа қол жеткізілген соң,

қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен,

көрсетілген Келісімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                            Жоба


      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер

                     Кабинетінің арасындағы

             Азаматтардың өзара сапарлары туралы

                          келісім


     Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Украина Министрлер Кабинеті,

     екі мемлекеттің арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту

мақсатында,

     екі мемлекет азаматтарының өзара сапарлары режимін тәртіпке келтіру

ниетін басшылыққа ала отырып,

     төмендегілер туралы келісті:


                           1-бап



 
       1. Тараптар мемлекеттерінің бірінің азаматтары, оның ішінде үшінші мемлекетте тұрақты тұратындар немесе уақытша жүргендер шетелге жол жүру үшін жарамды құжаттар негізінде баратын мемлекеттің мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап тоқсан күнге дейінгі мерзімде екінші Тараптың

 

аумағына визасыз келе алады, транзитпен өте алады, кете алады және онда

бола алады.

     2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген болу мерзімі әрбір Тараптың

қолданылып жүрген мемлекеттік заңдарына сәйкес ұзартылуы мүмкін.

                           2-бап

     1. Осы Келісім ұғымында шетелге жол жүру үшін мынадай құжаттар

жарамды болып табылады:

     а) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

     - дипломаттық паспорт;

     - қызметтік паспорт;

     - Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

     - теңізшінің паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшірме

болған жағдайда);

     - әуе кемесі экипажы мүшесінің куәлігі (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда);

     - Қазақстан Республикасына қайта оралуына арналған куәлік (Қазақстан

Республикасына қайта оралу үшін ғана).

     б) Украина азаматтары үшін:

     - шетелге жол жүруге арналған Украина азаматының паспорты;

     - баланың жол жүру құжаты;

     - дипломаттық паспорт;

     - қызметтік паспорт;

     - теңізшінің жеке басының куәлігі (кеме журналында жазба немесе одан

көшірме болған жағдайда);

     - әуе кемесі экипажы мүшесінің куәлігі (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда);

     - Украинаға қайта оралуына арналған куәлік (Украинаға қайта оралу

үшін ғана).


 
       2. Тараптар шетелге жол жүру үшін жарамды жаңа құжаттардың енгізілуі туралы, сондай-ақ бұрыннан бар құжаттарға өзгерістер енгізу туралы бір-біріне дипломатиялық арналар бойынша алдын ала хабарлайтын болады және олардың үлгілерімен алмасады.
 
                         3-бап
 
      1. Дипломаттық немесе қызметтік паспорттары бар және дипломатиялық миссияның немесе олардың өкілдіктерінің мәртебесі бар және екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері, консулдық мекеменің қызметкерлері немесе халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын бір Тарап мемлекетінің азаматтары өздерінің қызмет бабындағы міндеттерін орындаудың бүкіл мерзімі ішінде осы мемлекеттің аумағына визасыз келе алады, кете алады және онда бола алады.
      2. Осы Баптың 1-тармағының ережелері аталған адамдардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне де, олардың паспорттарының нысанына қарамастан, қолданылады.
 
                            4-бап
 
      1. Екінші Тарап мемлекетінің аумағына тоқсан күннен артық мерзімге келетін бір Тарап мемлекетінің азаматтары қабылдайтын мемлекеттің визасын алуға міндетті.
      2. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында тұрақты тұратын бір Тарап мемлекетінің азаматтары олардың осы мемлекетте тұрақты тұратынын растайтын құжаттары болған жағдайда осы мемлекет аумағынан визасыз шыға алады және қайтып орала алады.
      3. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында тұрақты тұратын бір Тарап

 

мемлекетінің азаматтары тұрып жатқан елінің заңдарына сәйкес тұрақты тұру

үшін шетелге шыға алады.


                              5-бап


     Бір Тарап мемлекетінің азаматтары халықаралық қатынастар үшін ашық,

шекаралық өткізу пункттері арқылы екінші Тарап мемлекетінің аумағына келе

алады, кете алады, транзитпен өте алады.


                            6-бап



 
       Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің шекарасын кесіп өткен және оның аумағында болған уақытысында қолданылып жүрген заңдарды сақтауға міндетті.
 
                            7-бап
 
      Осы Келісім Тараптардың екінші Тарап мемлекеті азаматтарының өз аумағына болуы қажетсіз деп есептелетін тұлғалардың келуінен бас тарту немесе олардың болу мерзімін қысқарту сияқты құқықтарын шектемейді. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарап мемлекетінен кетуі ұйғарылған өз азаматтарын шарт қоймастан және кез келген уақытта қабылдайды.
 
                               8-бап
 
      1. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген құжаттарды жоғалтқан бір Тарап мемлекетінің азаматтары бұл туралы өзі болатын мемлекеттің құзыретті органдарына кідіріссіз хабарлауға тиіс, олар құжаттардың жоғалғаны туралы өтінішті растайтын анықтама береді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға, олар азаматтығын

 

алған мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері

шетелге жол жүру үшін жарамды жаңа құжат береді.


                        9-бап


     Тараптар кем дегенде отыз күн бұрын азаматтардың келуі, болуы және

кетуі шарттарының өзгерістері туралы дипломатиялық арналар бойынша

бір-бірін құлақтандыратын болады.


                           10-бап


     Тараптар өзара келісім бойынша осы Келісімге өзгерістер мен

толықтырулар енгізе алады, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып

табылатын Хаттамалармен ресімделеді.


                          11-бап



 
       Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және орындауға қатысты даулы мәселелер консультациялар және келіссөздер арқылы реттеледі.
 
                           12-бап
 
      1. Тараптардың әрқайсысының, егер бұл мемлекеттің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге қажет болса, осы Келісімнің жекелеген ережелерінің қолданысын толық немесе ішінара тоқтатуға құқығы бар.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қабылдау туралы және олардың күшін жою туралы Тараптар бір-біріне дипломатиялық арналар бойынша дереу хабарлайтын болады.
 
                          13-бап
 
      1. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
      2. Тараптардың әрқайсысы бұл туралы екінші Тарапқа жазбаша нысанда

 

хабарлап, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осындай

хабарлама алынған күннен бастап тоқсан күн өтісімен Келісім өзінің күшін

жояды.


     _______________ қаласында 2000 жылғы "___"____________ әрқайсысы

қазақ, украин және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық

мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісім ережелерін түсіндіруде пікір

алшақтығы туындаса, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын

болады.


     Қазақстан Республикасының              Украина Министрлер

         Үкіметі үшін                          Кабинеті үшін




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.