Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 маусымдағы N 821 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 10 ақпан N 203

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "1999 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен AES корпорациясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның шарттарын орындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 маусымдағы N 821 P990821_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қатысуымен заңдарда белгіленген тәртіппен "Семей электр бөлуші желілері" ашық акционерлік қоғамының "Семей көлік-энергетика компаниясы" жабық акционерлік қоғамының акцияларымен жасасқан мәмілелерді және "Семей көлік-энергетика компаниясы" жабық акционерлік қоғамы мен "Семей электр

 

бөлуші желілері" ашық акционерлік қоғамының электр энергияларын бөлу және

беру жөніндегі активтерді иеліктен шығаруға байланысты мәмілелерді

жарамсыз деп тану шараларын қабылдасын";

     2) 2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



      Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Қасымбеков Б.А.