16.10.1992

Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Беларусь Республикасы Yкiметi арасындағы автомобиль қатынасы туралы Келісім

      * Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2003 ж., N 10, 70-құжат.

      Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Беларусь Республикасы Yкiметi, бұдан былай "Тарап" деп аталады,
      Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Беларусь Республикасы Yкiметi арасында жасалған көлiк саласындағы ынтымақтастық принциптерi мен өзара қарым-қатынас шарттары туралы Келiсiмге сәйкес,
      екi мемлекет арасындағы автомобиль қатынасын одан әрi дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуге деген ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
      мыналарға келiстi:

1-бап

      Бұл Келiсiм екi мемлекет арасында жолаушылар, жүктер тасымалын атқаратын және бос жүрiп өтетiн, олардың территориялары бойынша транзитпен өтетiн автокөлiк құралдарының (автобустардың, жеңiл машиналардың, тiркемелерi мен жартылай тiркемелерi бар немесе ондайлары жоқ жүк автомобильдерiнiң) жүрiп өтуi, сондай-ақ автомобиль көлiгi мен жол шаруашылығын дамытуға және қызмет атқаруына байланысты қызметтi өзара үйлестiрiп отыру шарттарын анықтайды.

2-бап

      Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағы арқылы екiншi Тарап автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн, соның iшiнде үшiншi елге транзитпен өтуi үшiн қолайлы жағдайлар жасалуын қамтамасыз етедi.

3-бап

      1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Беларусь Республикасының автокөлiк құралдарымен жолаушыларды және жүктердi тасымалдау мен автомобиль көлiгi құралдарының жүрiп өтуi және Беларусь Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының автокөлiк құралдарымен жасалатын жолаушылар, жүктер тасымалы және автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi (транзиттi қоса алғанда) осы Келiсiм негiзiнде жүзеге асырылып, жүрiп өткенi үшiн Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының Заңдарына сәйкес салық, мемлекеттiк алым төленедi, келтiрiлген зиянға өтем жасалады.
      2. Салық пен мемлекеттiк алымды төлеу жөнiнде жеңiлдiктер беру шарттары арнаулы келiсiмдермен анықталады.

4-бап

      Тараптардың бiрiнiң тасымалдаушылары тиiсiнше Қазақстан Республикасының және Беларусь Республикасының аумағында осы Келiсiм негiзiнде тасымал жұмысын атқарған кезде сол жердегi автомобиль көлiгiне және автомобиль жолдарына қатысты қолданылып жүрген қозғалыс ережелерiн, заңдар мен басқа да нормативтердi орындауға мiндеттi.

5-бап

      1. Тараптар осы Келiсiмге қол қою кезiнде қолданылып жүрген, автомобиль көлiгiнiң жұмысын реттейтiн ережелердi, қағидаларды, нұсқауларды, стандарттар мен техникалық шарттарды сақтауға келiстi.
      2. Екiншi Тараптың мүддесiне нұқсан келтiретiн өзгерiстер, сондай-ақ жаңа нормативтiк құжаттарды бекiту Тараптардың келiсуiмен жасалады.

6-бап

      Тараптар өзара түсiнiстiк негiзiнде автомобиль көлiгi мен жол шаруашылығының жұмысын:
      ғылыми-техникалық саясат;
      заңдар мен заңдық күшi бар актiлердi, стандарттарды және нормалардың жобаларын дайындау;
      жылжымалы құрамға техникалық көмек көрсету, автомобильдерге жанар-жағар материалдарын беру үшiн жағдайлар жасау;
      апаттар кезiнде көмек көрсету саласында үйлестiрiп отыратын болады.

7-бап

      Тараптың әрқайсысы өз аумағында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының құзырлы органдарының көлiк құралдарына берген тiркеу құжаттары мен нөмiр белгiлерiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарын басқару хұқын беретiн бiлiктiлiк куәлiктерiн мойындайды.

8-бап

      1. Тараптар осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты туған барлық даулы мәселелердi келiссөздер және консультация алысу жолымен шешетiн болады.
      2. Бұл Келiсiмге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар хаттамалармен ресiмделiп, оларды Тараптардың құзырлы органдары бекiткеннен немесе келiскеннен кейiн осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

9-бап

      Бұл Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және де Тараптардың бiрi Келiсiмнiң қолданылуын тоқтатқысы келетiнiн екiншi Тарапқа жазбаша түрде хабарлаған күннен бастап 90 күн өткенге дейiн күшiнде болады.

      Алматы қаласында 1992 жылғы 16 қыркүйекте екi дана етiп, әрқайсысы қазақ, белорус және орыс тiлдерiнде жасалған, әрi барлық текстiң де күшi бiрдей.

(Қолдары) 


Дата вступления в силу:  16.09.1992
Дата изменения акта:  16.10.1992
Дата принятия акта:  16.10.1992
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені 2003 ж., N 10, 70-құжат
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  200000000000
Регион действия:  200000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  НЕТ
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  032003000000 / 009005000000
Форма акта:  СОГЛ
Юридическая сила:  1300
Язык акта:  kaz