24.05.1989

Заңсыз, қисынсыз жне жиынтық өлім жазаларының тиімді түрде алдын алу және оларды тергеу Қағидалары

Ескерту

      1. Үкіметтер заңнамалық тәртіп бойынша барлық заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазаларына салынатын тиымды орнатып, кез-келген мұндай жазалар ол мемлекеттердің қылмыстық заңнамасына сәйкес қылмыс деп танылып, ондай қылмыстарды жасағаны үшін аталмыш қылмыстың ауыртпалығын ескеретін жазалау түрлері қарастырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Төтенше жағдайлар, оның ішінде соғыс немесе соғыс басталу қаупінің төнуі, ішкі саяси тұрақсыздық немесе мемлекеттерде орын алатын басқа да төтенше жағдайлар мұндай өлім жазалары үшін негіз бола алмайды. Мұндай өлім жазаларына ешқандай жағдайда, атап айтқанда, ішкі қарулы қақтығыстармен, ресми түрде қызмет атқаратын мемлекеттік лауазымды тұлғаның немесе тағы басқа да тұлғалардың немесе арандату арқылы айдап салатын тұлғалардың немесе осындай тұлғаның ашық немесе жасырын келісімімен өз күштерін заңсыз немесе шектен тыс қолдануымен байланысты өлім орын алған оқиғаларға, тұтқындалып абақтыда ұстаған уақытта өлім орын алған жағдайларға жол берілмеуі тиіс. Бұл тиымдар атқарушы биліктің шығаратын қаулылары алдында басым күшке ие болып табылады.
      2. Заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазаларының алдын алу мақсатында үкіметтер айқын жүзеге асырылатын бағыну жүйелерін қоса алғанда тұтқындау, қамауға алу, абақтыда ұстау немесе түрмеге жабу сияқты міндеттерді қызмет бабымен орындайтын барлық лауазымды тұлғаларды, сонымен қатар заңға сәйкес күшті және оқпен ататын қаруды қолдануға құзыреттілігі бар барлық лауазымды тұлғаларды қатаң бақылауға алынуын қамтамасыз етуі қажет.
      3. Үкіметтер жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың немесе мемлекеттік органдардың басқа тұлғаларға кез-келген заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазалары орындауға құзыреттілік беретін немесе оларды айдап салатын бұйрықтар беруге тиым салады. Барлық лауазымды тұлғалар мұндай бұйрықтарды орындамауға құқылы және де орындамауға міндетті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін дайындау барысында жоғарыда аталған ережелерге ерекше мән берілуі тиіс.
      4. Заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазалары төнген, сондай-ақ жазалау туралы бопсаланған жеке тұлғалар мен топтарға соттық немесе басқа да құралдар арқылы тиімді қорғаныс кепілдігі беріледі.
      5. Белгілі бір тұлғаның белгілі бір мемлекетте заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазасының құрбаны болу мүмкіндігіне деген дәлелді негіздері болса, ешкім де зорлықпен ол тұлғаның сол мемлекетке берілуіне немесе тапсырылуына жол берілмейді.
      6. Үкіметтер бас бостандығынан айырылған тұлғаларды күзетпен ұстайтын арнайы белгіленіп бөлінген орындарда ұсталуын, олардың тауыстарына, қорғаушыларына немесе басқа да сенімді өкілдеріне тұтқындалуы туралы және ұсталған жері туралы, сондай-ақ басқа орындарға да ауыстырылғаны туралы жедел түрде хабарлануын қамтамасыз етуі тиіс.
      7. Білікті инспекторлар, оның ішінде медициналық қызметкерлер, немесе соған бара-бар тәуелсіз орган тұрақты түрде күзетпен ұстайтын орындарда инспекция жүргізеді және де өзінің жеке бастамасымен жарияланбаған инспекциялар жүргізуге құзыреттіліктері бар, бұл ретте олар осы міндеттерін орындау барысында толыққанды тәуелсіз әрекет ету кепілдігімен қамтамасыздандырылады. Аталмыш инспекторлар күзетпен мұндай орындарда ұсталатын барлық тұлғаларға, сонымен қатар сол тұлғаларға қатысты құжаттарға шектеусіз қол жетімділік құқығына ие.
      8. Үкіметтер дипломатиялық араласу, үкіметаралық және сот органдарына түсетін шағымдармен жұмыс жасау мүмкіндіктерін арттыру, мұндай тәжірибені көпшілік қауыммен айыптау секілді шараларды қолдану арқылы заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазаларының алдын алу үшін бар күшін салады. Кез-келген осындай жазалар туралы алынған хабарламаларды тергеу үшін және де мұндай тәжірибені бұлтартпау бойынша тиімді шаралар қолдану үшін үкіметаралық механизмдер қолданылады. Үкіметтер, оның ішінде заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазалар орын алуы мүмкін деп күмән тударған мемлекеттер мұндай тәжірибелердің халықаралық деңгейде тергелуіне толықтай қатысып, ат салысу қажет.

Тергеу

      9. Заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазаларының барлық күмәнді жағдайлары, оның ішінде туыстардың шағымдарында немесе басқа да анықталған сенімді хабарламаларда жоғарыда аталған жағдайларда жасанды өлім орын алуы туралы айтылған жағдайларды қоса алғанда егжей-тегжейлі, жедел және әділ тергеулер жүргізіледі. Үкіметтер осындай тергеулерді жүргізуге арналған мекемелердің болуын және іс-шаралардың қолға алынуын қамтамасыз етеді. Тергеу мақсаты өлімнің себебін, сипатын және уақытын, оған жауапты тұлғаны және өлім себебі болып табылатын кез-келген жүйе мен тәжірибені анықтау болып табылады. Тергеу барысында мәйітті ашу, барлық заттай және құжаттық дәлелдерді, куәгерллер айғақтарын жинау және сараптау сияқты іс-шаралардың жүргізілуі қарастырылады. Тергеу өлімнің сипатын анықтайды: табиғи өлім, оқыс оқиға салдарынан болған өлім, өзіне өзі қол жұмсау және қасақана өлтіру.
      10. Тергеу органы тергеу жүргізу үшін қажетті барлық ақпаратты талап етуге құқылы. Тергеу жүргізетін тұлғалар тиімді түрде тергеу жүргізу үшін қажетті барлық бюджеттік және техникалық құралдарға ие. Сондай-ақ олар болжам бойынша осындай өлім жазаларына қатысы бар деген ресми тұлғаларды куәгер айғақтарын беру үшін келуін міндеттеуге құқылы. Бұл ереже кез-келген куәгерлерге қатысты. Осы мақсатта олар болжам бойынша осындай өлім жазаларына қатысы бар ресми тұлғаларды қоса алғанда кез-келген куәгерді шақыру үшін хабарлама қағазын беруге және олардан дәлелдер талап етуге құзыреттілігі бар.
      11. Белгіленген тергеу іс-шаралары мәселенің маңыздылығына байланысты және жүйелі түрде асыра пайдаланудың айқын орын алуымен байланысты біліктілігі немесе әділдігі жеткіліксіздігінің себебінен орнатылған талаптарға жауап бере алмаған жағдайларда, сонымен қатар құрбандардың отбасыларынан осындай кемшіліктерге шағымдар түскен жағдайларда немесе басқа да айтарлықтай маңызды себептер бойынша үкіметтер тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның көмегіне жүгініп немесе бара-бар іс-шараларды қолданып тергеуді жүргізеді. Аталмыш комиссияның мүшелілігіне өзінің әділдігімен, біліктілігімен және жеке басының тәуелсіздігімен белгілі тұлғалар сайланады. Атап айтқанда, олар тергеу нысаны болып табылауы мүмкін кез-келген мекемеден, ұйымнан немесе тұлғадан тәуелсіз болуы тиіс. Құрылған комиссия тергеуді жүргізу үшін қажетті барлық ақпаратты тарап етуге құқылы және осы Қағидаларға сәйкес тергеу жүргізуі тиіс.
      12. Қайтыс болған адамның денесі мүмкіндігінше соттық-медициналық сараптаманың патологоанатомы болуы тиіс дәрігер тиісінше мәйітті ашып, сараптама жүргізгенге дейін көмуге берілмейді. Мәйітті ашатын тұлғалар барлық тергеу мәліметтеріне, мәйіттің табылған жеріне және де шамамен өлімнің орын алғант жеріне қол жетімділік құқығына ие. Егер де мәйіт денесі көмуге тапсырылған болса, сонан соң тергеу жүргізу қажеттілігі туындаған болса, онда мәйіт денесі шұғыл түрде және қажетті талаптардың сақталуымен ашу үшін моладан шығарылады. Егер де мәйіт денесінің тек қана қалдықтары қалған болса, онда сол қалдықтар ұқыпты шығарылып, жүйелік антрополгиялық сараптама әдіс-тәсілдеріне сәйкес егжей-тегжейлі зерттеледі.
      13. Мәйіт денесі егжей-тегжейлі тергеу жүргізуге мүмкіндік беру үшін оны ашатын тұлғалардың қолына жеткілікті уақыт мерзіміне беріледі. Денені ашу барысында ең азы қайтыс болған адамның жеке басын анықтауға, өлім себебі мен сипатын анықтауға тырысады. Мүмкін болған жағдайда сонымен қатар өлім уақыты мен жері анықталады. Ашу туралы қорытынды түйіндіде құжаттамалық дәйектеме түріндегі тергеудің қорытынды тұжырымына мәйіттің жете түсірілген түрлі түсті суреттері тігіледі. Ашу туралы қорытынды түйіндіде қайтыс болған адамның алған барлық жарақаттары, сондай-ақ кез-келген азаптаулардың белгілері көрсетілуі тиіс.
      14. Мәйітті ашу жұмыстарын жүргізетін тұлғалар объективті нәтижелерге қол жеткізу үшін әділ және аталмыш іске қандай да бір қатысы бар болуы мүмкін кез-келген тұлғалардан, мекемелерден немесе ұйымдардан тәуелсіз әрекет ету мүмкіндігі болуы қажет.
      15. Шағымданушылар, куәгерлер, тергеу жүргізетін тұлғалар мен олардың отбасылары зорлық-зомбылықтан, зорлық-зомбылық көрсетуге бопсаланудан немесе тағы басқа да қорқытудың түрлерінен қорғалады. Заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазаларына қатысы бар тұлғалар шағымданушыларға, куәгерлерге, олардың отбасыларына, сондай-ақ тергеу жүргізетін тұлғаларға қатысты тікелей немесе жанама түрде бақылау немесе билік етуден шектетіледі.
      16. Қайтыс болған тұлғалардың отбасылары мен олардың заңды өкілдері тергеуге қатысты сот отырысы және кез-келген ақпарат туралы хабарланады, және де оларға қол жетімділікпен қамтамасыздандырылып, басқа да айғақтар тауып ұсынуға құқылы. Қайтыс болған тұлғалардың отбасылары мәйіт денесін ашу барысына медициналық немесе басқа кез-келген білікті өкілдің қатысуын талап етуге құқылы. Қайтыс болған тұлғаның жеке басы анықталған соң, өлім туралы хабарлама беріліп, қайтыс болған тұлғаның отбасына немесе туыстарына шұғыл түрде хабарланады. Мәйіт денесі оларға тергеу аяқталғаннан соң қайтарылады.
      17. Белгілі бір уақыт мерзімі аралығында осындай тергеудің әдіс-тәсілдері мен нәтижелері туралы жазбаша есеп дайындалады. Есеп дереу жарияланады: оның ішінде тергеу ісінің аясы туралы, дәлелдерді бағалау үшін қолданылған іс-шаралар мен әдістер туралы, сонымен қатар алынған нәтижелер мен қолданылған заңнама негізіндегі қорытындылар мен ұсыныстар болуы шарт. Есепте сондай-ақ анықталғаны бойынша орын алған нақты оқиғалар туралы егжей-тегжейлі ақпарат, және де сонымен қатар сол нәтижелер негізінде алынған дәлелдер, қорғау мақсатында жеке басы жариялануға рұқсат берілмеген тұлғаларды қосапағанда, куәгерлік етіп түсінік берген куәгерлердің аты-жөні сияқты мәліметтер болуы тиіс. Үкімет белгілі бір уақыт аралығын ішінде не осы тергеу туралы есепке ресми жауап береді, не болмаса оларға қатысты қандай шаралар қолданылатынын хабарлайды.

Сот ісін жүргізу

      18. Үкіметтер тергеу барысында анықталғандай құзыреттілігіне қарасты кез-келген аймақта заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазаларына қатысқан тұлғалардың сотқа тасырылуын қамтамасыз етеді. Үкіметтер не бұл тұлғаларды сотқа береді, не болмаса өзінің заңнамалық құзыреттілігін жүзеге асыруға ниет білдірген мемлекеттерге осындай тұлғаларды беру бойынша ынтымақтастық жүргізеді. Бұл қағида айыптылардың немесе құрбандардың кім екені, қайда екенінен тәуелсіз, азаматтығынан тәуелсіз және қылмыстың орын алған жерінен тәуелсіз қолданылады.
      19. Жоғарыда берілген 3 қағидаға келтірілетін залалсыз жоғары тұрған басшының немесе мемлекеттік билік органының бұйрығы заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазаларды ақтай алмайды. Жоғары тұрған лауазымды тұлғалар немесе басқа да мемлекеттік ресми тұлғалар қоластындағы тұлғалардың теріс іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін, егер де олардың мұндай іс-әрекеттің алдын алуға мүмкіндіктері болса. Ешбір жағдайда, оның ішінде соғыс жағдайлары, қоршауда қалған жағдайлар немесе тағы басқа да төтенше жағдайларда болжам бойынша заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазаларға қатысы бар тұлғаға соттық қудаланудан толықтай босатылу мүмкіндігі берілмейді.
      20. Заңсыз, қисынсыз және жиынтық өлім жазалары құрбандарының отбасылары мен қамқорлығындағы адамдары белгілі бір уақыт аралығында әділ және тиісінше өтемақы алуға құқылы.


Дата изменения акта:  24.05.1989
Дата принятия акта:  24.05.1989
Место принятия:  НЕТ
Орган, принявший акт:  200000000000
Регион действия:  200000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  НЕТ
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  028000000000 / 032016000000
Форма акта:  ПРИН / РЕКМ / СТНД
Юридическая сила:  1300
Язык акта:  kaz