Қамаудағы адамдармен қарым-қатынасқа қатысты ең төменгі стандарттық ережелерді тиімді орындау рәсімдері

БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің 25 мамыр 1984 жылғы 1984/47 қарары

      Экономикалық және Әлеуметтік кеңес,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынас жөніндегі бірінші Конгрессінде бекітілген и оның 1957 жылы 31 шілдедегі 663С (XXIV) Кеңесінің қарарында мақұлданған, «Қамаудағы адамдармен қарым-қатынасқа қатысты ең төменгі стандарттық ережелердегі» ұсыныстардың маңызын ескере отырып,
      ережелердің ұлттық заңдар мен практикаға әсерін ризашылықпен атай отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының олардың орындалуы туралы мерзімді баяндамаларында көрсетілгендей, осы ережелерді жүзеге асыру жолында әлі де болса алуан түрлі кедергілер бар екендігіне алаңдаушылық білдіре отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынас жөніндегі бесінші Конгресс *(1) ұсыныстарын және 12 мамыр 1976 жылғы 1993 (LX) Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің Қылмыстың алдын алу және онымен күрес жөніндегі комитетке өзінің төртінші сессиясында бұл ережелерді қолдану аясын зерттеуді және оларды орындау рәсімдерін жасақтауды ұсынған қарарын еске сала отырып,
      Осы мандатқа сәйкес Қылмыстың алдын алу және онымен күрес жөніндегі комитеттің өзінің 1976 жылғы төртінші сессиясында*(2) және өзінің сегізінші сессиясында*(3) Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынас жөніндегі алтыншы Конгрессінің Комитетке оның баяндамасы тұрғысынан*(4) осы рәсімдерді жасақтауды аяқтау тапсырылған ұсынысына сәйкес жасаған жұмысын ризашылықпен қаперге ала отырып,
      1. осы қарардың қосымшасында баяндалған «Қамаудағы адамдармен қарым-қатынасқа қатысты ең төменгі стандарттық ережелерді орындаудың тиімді рәсімдерін» мақұлдайды;
      2. қатысушы мемлекеттерге осы қарарға жалғанған рәсімдерді Ережелерді орындау барысында және өзінің Біріккен Ұлттар Ұйымына беретін мерзімді баяндамаларында ескеруді ұсынады;
      3. Бас хатшыны осы қарарды қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің қаперіне беруді және өтініштері бойынша оларға Ережелерді осы қарарға жалғанатын рәсімдерге сәйкес орындауға көмек көрсетуді сұрайды.
      21-пленарлық мәжіліс,
      25 мамыр 1984 жыл

Қосымша 

Қамаудағы адамдармен қарым-қатынасқа қатысты ең төменгі стандарттық ережелерді тиімді орындау рәсімдері

1-рәсім

      Тұтқындаудың немесе түрмеге қамаудың кез келген түріне ұшыраған тұлғаларды қорғау нормалары Қамаудағы адамдармен қарым-қатынасқа қатысты ең төменгі стандарттық ережелерге сәйкес келмейтін барлық мемлекеттер осы ережені қабылдайды.

Түсіндірме

      20 желтоқсан 1971 жылғы өзінің 2858 (XXVI) қарарында Бас Ассамблея қатысушы мемлекеттердің назарын Ең төменгі стандарттық ережелерге аударды және оларды пенитенциарлық және түзету мекемелерін басқарғанда қатаң сақтауды, сонымен бірге оларды ұлттық заңнамаға қосуды тілектестікпен қарауды ұсынды.
      Кейбір мемлекеттердің нормалары бұл Ережелерге қарағанда озық болуы мүмкін, сол себепті бұндай мемлекеттерге осы Ережелерді қабылдауды ұсынбайды. Осы Ережелерді өз құқықтық жүйесімен келістіру және өздерінің мәдениетіне бейімдендіру қажет деп санайтын мемлекеттер жағдайында бұл Ережелердің әріптеріне емес, мәніне назар аударылады.

2-рәсім

      Осы Ережелердің мақсаты мен рухына зиян келтірмей, қолданыстағы заңдар мен мәдениетке осы Заңдардың бейімделуіне қажеттілікке байланыстылығын ескере отырып, Ең төменгі стандарттық ережелер ұлттық заңнамалар мен басқа қағидаларда іске асады.

Түсіндірме

      Осы рәсімде ұлттық заңнамалар мен қағидаларда іске асу қажеттілігі атап көрсетіледі, сонымен бірге бұл 1-рәсімнің кейбір аспектерін де қамтиды.

3-рәсім

      Ең төменгі стандарттық ережелер барлық тұлғаларға, соның ішінде қылмыстық әділ сот жүйесінде оларды қолдану мен орындау мақсатында түзету мекемелерінің құқықтық тәртіпті қолдайтын лауазымдық тұлғалары мен қызметкерлер құрамының нұсқауына беріледі.

Түсіндірме

      Осы іс-шара Ереженің сондай-ақ, осы Ереженің орындалуына қатысты ұлттық мәртебе мен қағидалар, құқықтық тәртіпті ұстану бойынша лауазымды тұлғалардың және түзеу мекемесі қызметкерлерінің үкімдері ретінде оларды орындауға тиісті тұлғалардың әміріне ұсынылатындығы баса айтылады. Осы Ережелердің тиімді орындалуы түзеу мекемелерінің жұмыстарына жауап беретін орталық органдардың оқу курстарын ұйымдастыруды ескеруі мүмкін еді. Іс-шараны тарату сұрақтары 7, 9 рәсімдерде талқыланады.

4-рәсім

      Ұлттық заңнама мен басқа да қосымшаларға енгізілген ең төменгі стандартық ереже, қамауға алынған мерзімге тиісті мекемеге түскен барлық қамаудағылар мен қамауға түскен тұлғалар арасында түсіндіріліп, жеткізіледі.

Түсіндірме

      Ең төменгі стандарттық ережелерді жүзеге асыру мақтасында, Біріккен Ұлттар Ұйымы қолайлы деп тапқан осы ережелердің Ең төменгі талаптарды ұсынатындығы туралы көп мөлшерде хабардар болуына жағдай жасау мақсатында олардың мәртебесімен және қағидаларымен оларды орындауға қатысты тұтқындарды және қамауға алынған тұлғаларды (95 ереже) таныстыру қажет. Осыған сәйкес, бұл іс-шара 3 рәсімдегі қағиданы толықтырады. Қағида осы Ережемен таныстырылатын тұлғаларға арналып жасалған, 1949 жылғы 12 тамыздағы төртінші Женева конвенциясында анықталған: бірінші конвенцияның 48-бабында, екінші конвенцияның 47-бабында, үшінші конвенцияның 127бабында и төртінші конвенцияның 144-бабындағы қағидамен «Жоғарғы тұрған Келіссөзге келетін елдер барлық жергілікті халықтың Конвенция ұстанымдарымен таныс болуын и ұрыстағы әскер күшпен, санитарлық қызметкерлерді және дін қызметкерлерін қоса алғанда, бейбітшілік пен әскери уақыт кезеңінде осы Конвенцияның мәтінін елдерде, сонымен қатар әскери оқу бағдарламасына оқуға мүмкін болса, азаматтық білімге қосуға міндеттенеді» деп айқын көрсетілген.

5-рәсім

      Бас хатшы арқылы жіберілетін Ең төменгі стандартты ережелерді пайдалануға қатысты үрдістегі жетістіктер мен шараларды жүзеге асыру көлемі бойыншамемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын сауалнамасының сұрақтарына жауап ретінде бес жылда бір рет ақпараттандырып отырады. Мұндай сауалнама белгіленген сұрақтарды зерттеу мен терең шолуда арнайы іріктелген сұрақтармен шектеліп, ерекше жоспарға сәйкес дайындалуға тиісті. Бас хатшы үкіметтің баяндамаларын, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің көлемінде қол жетімді тиісті ақпараттарды назарға алған кезде, Ең төменгі стандарттық ережелердің қолданысына қатысты басқа да мерзімді баяндамалардың дайындығын жүзеге асырады. Осындай баяндамаларды дайындау үшін Бас хатшы Экономикалық және Әлеуметтік кеңестегі кеңестік дәрежесі бар арнайы мекемелермен және басқа да үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарға сәйкес келетін мекемелермен қызметтес бола алады. Бас хатшы жоғарыда аталған баяндамаларды тиісті шараларды қолдану үшін Қылмыстың алдын-алу және онымен күрес комитетіне ұсынады.

Түсіндірме

      Экономикалық және Әлеуметтік кеңес өзінің 1957 жылғы 31 шілдедегі 663 С (XXIV) қарарында Ең төменгі стандарттық ережелердің қолданысы бойынша шаралар туралы Бас хатшыны бес жылда бір рет ақпараттандыруды ұсынғандығын, сондай ақ Бас хатшыны егер мақсатты болған жағдайда оның қадамдары туралы ақпаратты жариялауға және керек болған жағдайда қосымша ақпартты сұратуға уәкілетті өкіл етіп тағайындағанын естен шығармау керек. Біріккен Ұлттар Ұйымында ежелден бері арнайы мекемелер мен тиісті үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарр арасындағы қызметтестікті жүзеге асыру тағылымдамасы қолданылады. Ең төменгі стандарттық ережелерді қолдануға байланысты қабылданған шаралар туралы өзінің жеке баяндамасын дайындау кезінде Бас хатшы қолданыстағы Азаматтық және әлеуметтік құқықтар туралы халықаралық пактіге және нәсілдік кемсітушілікті жоюға сәйкес адам құқығымен айналысатын Біріккен Ұлттар Ұйымы мекемелерінің ақпараттарын, Адам құқығы бойынша Комиссияны қоса алғанда, аз ұлттарды қорғау мен кемсітушіліктің алдын-алу бойынша шағын комиссиясының, адам құқығы бойынша комитеттің ақпараттарын назарға алу керек. Сондай-ақ, Бас Ассамблея өткізіп жатқан қамауда отырған тұтқындар мен тұлғаларды қорғау бойынша ақпараттық қағидалар бойынша жұмыстардың арқасында келешекте қабылданатын азаптауды жою туралы конвенцияның және басқа да ақпараттардың қолданысымен байланысты жұмыстар да назарға алынуы мүмкін.

6-рәсім

      Жоғарыдағы 5 рәсімде көрсетілгендей ақпаратты беру қағидасына сәйкес мемлекет Бас хатшыға:
      a) тұтқында отырған адамдарға қатысты Ең төменгі стандартты ережелердің қолданысына қатысты, сондай-ақ тұтқындау талаптары мен орнына қатысты құқықтық және әкімшілік нормалардың барлық заңнамалық қағидаларының ұстанымдарын немесе көшірмелерін;
      b) тұтқындаудың қандай да түріне душар болған тұлғаларға, түзеу мекемесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, құқықбұзушылардың үкімдерінің бағдарламалары туралы сипаттық мінездемесі бар кез келген мәліметтер мен материалдарды, егер ондай бар болса, статистикалық материалдарды;
      c) ереженің қолдану туралы кез келген тиісті ақпаратты және оларды жүзеге асыру кезінде қиындық тудыратын мәліметтерді ұсынады.

Түсіндірме

      Бұл талаптар Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 663 С (XXIV) қарарынан, құқық бұзушылықтың алдын алу мен құқық бұзушылармен қарым қатынас жасау бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының конгресінің ұсынымдарынан шығады. Бірақ ұсынылып отырған ақпараттар әдейі ескертілмегендіктен, мемлекеттік мүшелерге қиындықтарды жеңуге көмектесу мен тәжірибе алмасуда осындай ақпараттарды жинау мақсатты болып табылады. Алайда, осындай ақпаратты алу үшін жіберілген сауал 1956 жылғы 1 тамыздағы Экономикалық және Әлеуметтік кеңестің 624 В (XXII) қарарына сәйкес құрылған адамдардың құқықтары туралы сұрағы мен қазіргі таңда қолданылатын баяндамалардың мерзімдік жүйесімен пара-пар.

7-рәсім

      Бас хатшы Ең төменгі стандарттық ережелер мен оның қолданысының қазіргі іс-шараларының кең ауқымда таралуына қол жеткізу үшін Ең төменгі стандарттық ережелер мен оның қолданысының қазіргі іс-шараларының қолданысын кең ауқымдағы тілдерде таралуын және барлық мемлекеттердің қызығушылық танытқан үкіметаралық и үкіметтік емес ұйымдардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Түсіндірме

      Ең төменгі стандарттық ережелерді кең ауқымда тарату қажеттілігі түсінікті. Ереженің қолданысы мен оны тиімді таратуды қамтамасыз ету үшін барлық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жүзеге асыру қажет. Сол себепті хатшы осындай ұйымдармен тығыз байланысты қамтамасыз етіп, олардың билігіне тиісті мағлұматтар мен ақпараттарды ұсынуға міндетті. Хатшы Ең төменгі стандарттық ережелер мен оның қолданысының қазіргі іс-шаралары ақпаратының осы мекемелерге таралуын мадақтауға міндетті.

8-рәсім

      Бас хатшы Ереженің қолданысына қатысты өзінің баяндамаларын, сұраққа қатысты басқа да құжаттарды қоса есептегенде, Ең төменгі стандарттық ереженің қолданысына көмектесетін қажетті мерзім ішінде шолулардың қысқаша аналитикалық түсіндірмесінде, Қылмыстың алдын-алу және онымен күрес комитеті баяндамаларында, қылмыстың алдын-алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынас бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының конгресіне арналған баяндамларда, сондай-ақ конгрестердің баяндамаларында, ғылыми басылымдарда жариялайды.

Түсіндірме

      Аталған іс-шара Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот төрелігі бойынша ақпараттық бюллетенде және кез-келген басқа басылымдарда, Біріккен Ұлттар Ұйымының басылым ретінде немесе Халықаралық қылмыстық саясатқа шолу мен адам құқығы бойынша жылдық мақаласында немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының басылымдарына жіберілетін қазіргі уақытта қабылданған осындай баяндамаларды тарату құжаттар қатарына кіретін тағлымдаманы қамтып көрсетеді.

9-рәсім

      Бас хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық бағдарламаларында оның ішінде техникалық қызметтестікті жүзеге асыру қызметін қоса алғанда Ең төменгі стандарттық ережелер мен оның мәтінінің қолданысына жүгінуін қамтамасыз етеді.

Түсіндірме

      Ереженің кең ауқымда қолданысын және тиісті мекемелерді, үкіметтік, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарды, кең ауқымды қоғамдық дамуды, Экономикалық және Әлеуметтік кеңестің және Бас Ассамблея істерінің қолданысындағы адалдыққа көмектесетіндей, Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысты барлық мекемелер өздерінің құжаттарына ереже мен оның іс-шараларының қолданысын немесе оларға сілтеме жасайтындай қағидамен қамтамасыз ету қажет.
      Ереженің қандай көлемде түзеу мекемесі әкімшілігіне әсер ететіндігін жергілікті заңнама мен әкімшілік қызмет бойынша оларды пайдалануға арналып қабылданған шаралардың дәрежесіне байланысты. Ереже барлық елдегі мамандар мен маман емес тұлғалардың назарына жеткізіліп, түсінікті болу керек. Осыған байланысты Қоғамды ақпараттандыру бойынша кампания өткізу мен Ережелерге жиі сілтемелер жасау арқасында жаппай жариялау бойынша күшті қажеттілік туындауда.

10-рәсім

      Біріккен Ұлттар ұйымы өзінің техникалық ынтымақтастық және дамыту бағдарламасы негізінде:
      a) Үкіметтің өтініші бойынша тұтас қамтитын и адамгершілік тұрғыдағы түзеу жүйесін нығайту мен қалыптастыру бойынша оларға көмек көрсетуге;
      b) Үкіметтің өтініші бойынша қылмыстың алдын-алу және құқықтық сот төрелігі сұрақтары бойынша сарапшылар мен аймақтық және аймақ аралық кеңесшілердің қызметін ұсынуға;
      c) Ең төменгі стандарттық ережелер мен оның қолданысының қазіргі іс-шараларын таратуға көмек мақсатында ұлттық және аймақтық семинарлар мен басқа да кәсіптік және кәсіптік емес деңгейдегі жиналыстарды ұйымдасыруға көмектесуге;
      d) Біріккен Ұлттар Ұйымымен байланысты аймақтық зерттеу және оқу институттарына қылмыстың алдын алу мен құқықтық сот төрелігі саласында елеулі көмекті кеңейтуге;
      Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық зерттеу және оқу институттары қылмыстың алдын-алу мен құқықтық сот төрелігі ұлттық институттармен ынтамақтастығы негізінде құқықтық сот төрелігі бойынша оқу бағдарламасының барлық деңгейінде қолданылатын, сондай-ақ адам құқығы мен басқа да аралас сұрақтар бойынша мамандандарылған курстарда қолданылатын Ең төменгі стандарттық ережелер мен оның қолданысының қазіргі іс-шаралары негізінде оқу жоспарлары мен оқу құралын дайындап шығарады.

Түсіндірме

      Осы іс-шара Ең төменгі стандарттық ережелер мен оның қолданысының қазіргі іс-шараларының қолданысының жанама жабдықтары ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының техникалық көмек бағдарламасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық институттарының оқу іс-шараларын қамтамасыз етуге шақырады. Түзеу мекемесінің қызметкерлеріне арналған мерзімді оқу курстары, оқу нұсқаулықтары және т.б. басқа, әсіресе, директивалық мекеме деңгейінде қызығушылық танытқан мемлекеттерге сарапшылардың қызметін ұсыну жүйесін қоса алғанда, мемлекеттік мүшелер арқылы ұсынылған сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін қарастыру қажет. Сарапшылар қызметін ұсыну жүйесінің бар болуы осындай көмек сұраған елдің әлеуметтік-экономикалық қатарын есепке алу мен рухына сәйкес ережені қолдану мақсатында өте қажет.

11-рәсім

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыстың алдын-алу және онымен күрес комитеті:
      a) бас бостандығынан айырылған адамдармен қарым-қатынас кезінде қолданылатын стандарттар мен іс-шаралардың жаңа нормаларын дайындау мақсатында Ең төмнегі стандарттық ережелерге үнемі қайта қарау жүргізеді;
      b) осы Ережедегі іс-шаралардың орындалуына бақалау жүргізіп, жоғарыдаға 5-рәсімге сәйкес мерзімді баяндама ұсынады.

Түсіндірме

      Мерзімді зерттеулер мен техникалық көмек борышы кезеңінде жинақталған негізгі ақпарат, қылмыстың алдын алу және онымен күрес комитетіне ұсынылады, түзету жұмыстарының тағлымдамасын жетілдіру ережесінің тиімділігін қамтамасыз ету сұрағы Комитеттің құзырында қалып, оның ұсынымдарында келешектегі Ереженің қолданылуы мен орындау іс-шаралары анықталады. Сол себепті кемшіліктерді жою үшін тиісті шараларды өңдеу мақсатында, қызығушылық танытқан елдердің әділет министрліктері мен сот органдарымен байланыс негізінде Комитетке қазіргі кемшіліктерді немесе Ереже қолданысындағы кемшіліктердің салдарын нақты анықтау керек.

12-рәсім

      Қылмыстың алдын алу және онымен күрес комитеті адам құқығы сұрақтарымен айналысатын Бас Ассамблеяға, Экономикалық және Әлеуметтік кеңеске және басқа да Бірікке Ұлттар Ұйымының мекемелеріне ең төменгі стандарттық ережелді орындау мен оларды қолдануға байланысты сұрақтарға зерттеу өткізу үшін арнайы коммиссияның баяндамалары бойынша ұсынымдар дайындауға көмектеседі.

Түсіндірме

      Қылмыстың алдын-алу және онымен күрес комитеті Ең төменгі стандарттық ережелерді орындауға шолу жүргізуші мекеме болғандықтан, комитет жоғарыда аталған мекемелерге көмек көрсетуге тиіс.

13-рәсім

      Әлеуметтік және азаматтық құқықтар туралы Халықаралық пактінің Факультативті хаттамасында көрсетілген хабарламаларды қарау реті және нәсілдік кемсітілушіліктің барлық түрлерін жоққа шығару туралы Конвенциясында баяндалғандай хабарламаларды қарау реті, 1970 жылғы 27 мамырдағы Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 1503 (XLVIII) қарарында баяндалғандай адам құқығын жүйелі түрде өрескел бұзу жүйесіне қатысты іс-шараларды қоса алғанда, адам құқығының бұзылуын алдын-алу үшін халықаралық құқық немесе басқа да мекемелермен және Біріккен Ұлттар Ұйымы мекемелерімен бекітіліп ұсынылатын осы іс-шарадағы ережені қолдану, құқықтық қорғау жабдықтарын немесе басқа да шараларды қолдануды жоққа шығарушы ретінде түсіндірілмейді.

Түсіндірме

      Ең төменгі стандарттық ережелер адам құқығы бойынша кейбір сұрақтарға жанама қатысты болғандықтан, қолданыстағы халықаралық немесе аймақтық стандарт талаптары мен нормаларына сәйкес, осы іс-шараларға қатысты кез келген құқық бұзушылықтың алдын алуды болдырмауды жоққа шығармайды.

Қосымша I 

Қамаудағы шетелдіктерді беру туралы типтік келісім

      I. Негізгі принциптер
      II. Негізгі шарттар
      III. Іс жүргізу нормалары
      IV. Үкімнің орындалуы және рақымшылық
      V. Қорытынды қағидалар

Кіріспе
_______________________ және _____________________

      Қылмыстық әділ сот саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында,
      Бұндай ынтымақтастық қылмыстық әділ сот мақсатына қол жеткізуге және жаза өтеушілерді қоғамдағы қалыпты өмірге қайта оралуына қолдау жасайды деп ойлап,
      Бұл мақсатты жүзеге асыру қылмыстық іс жасау нәтижесінде босатандықтан айырылған шетелдіктердің жазаларын өз қоғамында өтеуге мүмкіндік беру үшін қажет деп санап,
      Бұл мақсатқа жетудің ең жақсы құралы шетелдік қамаудағыларды олардың елдеріне беру деген сенімде болып,
      Жалпы қолдау тапқан принциптерде бекітілген адам құқығын толық құрметтеу қажет деп есептеп, төмендегілер туралы келісті:

I. Негізгі принциптер

      1. Шет елде қылмытық іс үшін жаза кесілгендердің олардың азаматтығы елдеріне немесе жазасын өтеу үшін тұрғылықты орнына тездетіп қайтуына жәрдемдесу арқылы құқық бұзушылардың қоғамдағы қалыпты өмірге қайтып оралуына мүмкіндік беру керек. Жоғарда айтылғанға сәйкес мемлекеттер бір-біріне кең түрде жәрдем жасауы тиіс.
      2. Қамаудағыларды беру ұлттық тәуелсіздік пен заңнаманы құрметтеу негізінде жүргізілуі керек.
      3. Қамаудағыларды беру құқық бұзушыға үкім шығаратын беруші мемлекет (үкім шығарған мемлекеттер) сол сияқты қамаудағы адам берілетін мемлекет( үкімді орындаушы мемлекеттер) олардың ұлттық заңнамаларына сәйкес сот билігімен бостандықтан айырумен жазалайтын жағдайда ғана жүзеге асуы тиіс.
      4. Беру туралы өтінімді үкім шығаратын мемлекет, сол сияқты үкімді орындаушы мемлекет те беруі мүмкін. Қамаудағы адам, сол сияқты оның жақын туысқандары бұл мемлекеттердің кез келгеніне өздерінің беру туралы мүдделі екендіктерін хабарлауы мүмкін. Осы мақсатта келіскен мемлекеттер өздерінің құзыретті органдары туралы қамаудағы адамға хабарлайды.
      5. Беру үкім шығарған мемлекет, сол сияқты үкімді орындаушы мемлекеттің келісіміне байланысты және де бұны қамаудағы адамның келісіміне негіздеу жөн болады.
      6. Қамаудағы адамға оны беру мүмкіндігі және оның заңдылық салдары туралы, мысалға, оны бермес бұрын қамаудағының басқа жасаған қылмыстары үшін соттық жауапқа тартылуы жөнінде, толық ақпарат беріледі.
      7. Үкімді орындаушы мемлекеттің қамаудағының ерікті түрде келіскені туралы көз жеткізуіне мүмкіндігі болуы керек.
      8. Қамаудағыларды беруге қатысты кез келген қағида қылмысты жасау салдарынан бостандығынан айыруға байланысты түрмеге қамау туралы үкімді, сондай-ақ басқа да шараларды қарастыратын жағдайларда қолданылуы тиіс.
      9. Егер қандай да бір тұлға өз еркін ерікті түрде білдіруге, беруге келісуге мүмкіндігі жоқ болса,онда заңды өкілі құқылы.

II. Басқа жағдайлар

      10. Беру тек заңды күшіне енген ақтық және анықталған негіздемеде жүзеге асырылуы тиіс.
      11. Беру туралы өтінімді жіберу сәтінде қамаудағының өтеу мерзімі кем дегенде, әдеттегінше, алты айдан кем болмауы керек; сонымен бірге анықталмаған үкімдер жағдайында да беру рұқсат етілуі тиіс.
      12. Қамаудағыны беру туралы шешім тоқтаусыз қабылдануы керек.
      13. Үкім шығарған мемлекеттің үкімін орындау үшін берілген тұлғаның үкімді орындау мемлекетінде үкім күшіне енген әрекеті үшін соттық жауапкершілікке қайтадан тартылуы мүмкін емес.

III. Іс жүргізу нормалары

      14. Мемлекеттің үкімді орындауға құзырлы билігі:
      a) үкімнің орындалуын қамтамасыз етуді тікелей немесе сот немесе әкімшілік қаулылар арқылы жалғастырады немесе
      b) Үкім шығарған мемлекеттің санкциясын үкімді орындау мемлекетінің санкциясына қайта түрлендіреді.
      15. Үкімді орындау жалғасатын жағдайда үкімді орындау мемлекеті құқықтық сипатын және жаза шамасының ұзақтығын сақтауға міндетті. Алайда, егер үкім өзінің сипаты және жаза шамасының ұзақтығы жөнінде үкімді орындау мемлекетінің заңнамасына сәйкес келмесе, бұл мемлекет санкцияны тиісті құқық бұзушылыққа өз заңдарында көзделген жазаға немесе тию шарасына келтіруі мүмкін.
      16. Үкімді өзгерткен жағдайда үкімді орындау мемлекеті санкцияны жазаның сипаты мен ұзақтығы шамасын үкім шығарған мемлекеттің үкімін тиісті түрде есепке ала отырып, өз ұлттық заңнамасына сәйкес келтіруге құқығы бар. Сонымен бірге бостандықтан айыруды қарастыратын санкцияны мүліктік санкциямен ауыстыруға болмайды.
      17. Үкімді орындаушы мемлекет үшін бекітілген фактілер, үкімді шығарушы мелекеттің сот шешімінде айтылғандай міндеттілік күші бар. Сонымен, үкімді қайта қарауға тек үкімді шығарушы мемлекет қана құқылы.
      18. Сотталған адамның кез келген мемлекетте бостандықтан айыру мерзімін өтеген мерзімі ақырғы үкімде белгіленген мерзімнен алынып тасталады.
      19.Қамаудағыны беру ешбір жағдайда оның жағдайының нашарлауына әкелмеуі тиіс.
      20. Қамаудағыны беру мен тасымалдауға байланысты шығындарды, егер үкімді орындау мемлекеті басқаша шешім қабылдамаса, үкімді орындау мемлекеті жабады.

IV. Үкімді орындау және рақымшылық

      21. Үкімді орындау үкімді орындаушы мемлекеттің заңнамасымен реттеледі.
      22. Үкімді шығарушы мемлекет сол сияқты, үкімді орындаушы мемлекеттер рақымшылық немесе амнистия жариялауға құқылы.

V. Қорытынды қағидалар

      23. Осы келісім үкімді орындауға оларды шығаруға дейін, сол сияқты шығарудан кейін де қолданылады.
      24. Осы келісім ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар мейлінше қысқа мерзімде сақтауға беріледі ________.
      25. Осы келісім ратификациялық грамоталармен айырбасталған күнннен кейін отызыншы күні күшіне енеді.
      26. Кез келген келісуші тарап осы келісімді, бұл туралы жазбалай хат жіберу арқылы бекерге шығара алады ___________.
      Бекерге шығару хабарламаны алған күнннен бастап алты айдан кейін күшіне енеді. ____________.

      Осыны куәландырып, тиісті өз үкіметтері уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар, осы келісімшартқа қол қойды.

Қосымша II

Шетелдік қамаудағылармен қарым-қатынас жасау ұсыныстары

      1. Түзеу мекемесіндегі шетелдік тұтқынның бөлмесін оның ұлтына қарап анықтамаған жөн.
      2. Шетелдік тұтқындар сол елдің тұтқындарымен тең дәрежеде білімге, жұмысқа және кәсіптік дайындыққа қол жеткізуі керек.
      3. Шетелдік тұтқындарға сол елдің тұтқындарымен тең дәрежеде түрмедегі тұтқынға бара-бар шаралар, түрмедегі демалыс құқығы және түрмеден шығатын басқа да рұқсат берілген түрлері қолданылады.
      4. Шетелдік тұтқынды түрмеге жапқаннан кейін ол білетін тіл туралы сұрастырып, ережелер мен нормаларды қоса алғанда түрмедегі негізгі қағидалар туралы жазбаша түрде ақпараттандыру қажет.
      5. Шетелдік тұтқын ұстанатын діни көзқарас пен сал-дәстүрге құрметпен қарау керек.
      6. Шетелдік тұтқындар кешіктірілмей өздерінің құқықтары туралы ақпаратты алуға, өздерінің консулдық өкілдерімен кездесуге, сондай-ақ өздерінің дәрежелеріне қатысты қандай да болмасын ақпаратты талап етуге құқылы. Егер шетелдік тұтқын саяси немесе консулдық өкілден көмек алғысы келсе, бұл туралы консулға хабар беру керек.
      7. Шетелдік тұтқындарға олар түсінетін тілде тиісті дәрежеде медициналық қызметкерлермен және жалпы қызметкерлермен, сондай-ақ сұрақтар, арыздар, арнайы бөлме, ерекше тамақтандыру, діни өкілдік туралы сұрақтарда да, кеңестік сұрақтарда да көмек көрсету керек.
      8. Шетелдік тұтқын қоныстанған жергілікті жердің органдарымен немесе олардың жанұяларымен байланысқа көмек көрсетіп, тұтқынның келісімімен хат алмасу мен кездесулерге қажетті барлық мүмкіндіктер жасалу керек. Халықаралық гуманитарлық мекемелерге, атап айтқанда Қызық крест халықаралық комитетіне, шетелдік тұтқындарға көмек көрсетуді ұсынған жөн болар еді.
      9. Шетелдік құқық бұзушылар кездесетін сұрақтардың шешімі, құқықбұзушылардың үстінен бақылауға, шартты түрде сотталғандарға немесе кепіл түрде берілгендерге, сондай-ақ оларға көмек ретінде көп мөлшерде екі жақты және көп жақты келісімдердің жасалуына септігін тигізер еді.

------------------------------
      *(1) Қараңыз. Құқық бұзушылықтың алдын алу мен құқық бұзушылармен қарым-қатынас туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының бесінші Конгресі, Женева, 1975 жылғы 1 - 12 қыркүйек: баяндама, Хатшы арқылы дайындалған (Біріккен Ұлттар Ұйымының басылымы, N R. 76.IV.2 сатылымда), 23-тармақ.
      *(2) Қараңыз. E/CN. 5/536.
      *(3) Қараңыз. Экономикалық және әлеуметтік кеңестің арнайы есебі, 1984 жыл, Толықтыру № 6 (Е/1984/16), IV тарау.
      *(4) Қараңыз. Құқық бұзушылықтың алдын алумен және құқық бұзушылармен қарым-қатынас туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының алтыншы Конгресі, Каракас,1980 жылғы 25 тамыз - 5 қыркүйек: баяндама, Хатшы арқылы дайындалған (Біріккен Ұлттар Ұйымының басылымы, N R.81.IV.4 сатылымда), I тарау, С.6-бөлім, 8-тармақ.
      *(5) United Nations, Treaty Series, vol.75, Nos.970 - 973.