11.12.1969

Әлеуметтік ілгерілеу және даму туралы

      Бас Ассамблея,
      өмір сүру деңгейін арттыруға, халықты толық жұмыспен қамтуға, экономикалық және әлеуметтік ілгерілеу мен даму жағдайларына көмек беру үшін Ұйыммен ынтымақтастығы кезінде Жарлыққа сәйкес бірлескен және өз бетінше іс-әкереттер жасауға Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелерінің міндеттелігін ұмытпай,
      Жарлықта жарияланған адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына және бейбітшілік принциптеріне сенімділікті, адамның тұлға ретіндегі абыройы мен құндылықтарды және әлеуметтік әділеттілікті растай отырып,
      Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактілерде, Бала құқықтары декларациясында, отар елдер мен халықтарға тәуелсіздікті беру туралы декларациясында, нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Халықаралық конвенциясы және нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы декларациясында, Бейбітшілік идеалдарды және халықтар арасындағы өзара құрмет пен өзара түсіністікті жастар арасында дәріптеу туралы декларациясында, Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою туралы декларациясында және Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарларында қамтылған принциптерді еске салып,
      Халықаралық еңбек ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымдары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры және басқа тиісті ұйымдардың жарлықтарында, конвенцияларында, ұсынымдары мен қарарларында әлеуметтік ілгерілеуге жету үшін бекітіліп қойған нормаларды ескеріп,
      адам әділетті әлеуметтік тәртіп жағдайларында ғана өз армандарының іске асырылуына көз жеткізе алады, және халықаралық бейбіт пен ынтымақтастық орнатуға көмек болатын, әлеуметтік және экономикалық ілгерілеуді тездету айтарлықтай маңызға ие болады деген пікірге сүйеніп,
      халықаралық бейбіт және қауіпсіздік, бір жағынан, экономикалық дамудың әлеуметтік ілгерілеуі – екінші жағынан, тығыз өзара тәуелділікте болып және бір біріне өзара ықпал етеді деген пікірге сүйеніп,
      түрлі әлеуметтік, экономикалық, саяси жүйелері бар мемлекеттер арасындағы бейбіт өмір сүру жағдайлары, достық қарым-қатынастар және ынтымақтастық әлеуметтік дамуға өз септігін тигізетініне көзі жетіп,
      өсім мен қайта құрудың аса кең үрдісі шеңберінде экономикалық және әлеуметтік дамудың өзара тәуелділігіне, сонымен қатар әлеуметтік аспектілерді барлық кезеңдерде толық ескеретін, кешенді даму стратегиясына ерекше көңіл бөліп,
      мемлекеттер мен халықаралық қауымдастықтың күш-жігеріне қарамастан, дүниежүзілік әлеуметтік жағдайдың қолжеткізген жеткіліксіз ілгерілеуіне өкініп,
      дамып келе жатқан елдер дамуына негізгі жауапкершілікті сол елдердің өздері алатынын мойындай отырып, және экономикалық жағынан аса дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттердің өмір сүру деңгейі арасындағы алшақтықты қысқарту және ең соңында мүлдем жоюдың қажеттілігін растап, осы мақсатпен мүше мемлекеттер барлық әлемдегі әлеуметтік дамуға жәрдем беруге, соның ішінде, дамып келе жатқан елдерге олардың экономикалық өсімін тездету үшін көмек көрсетуге бағытталған, ішкі және сыртқы саясатты жүргізуге жауапкершілікті алуға міндетті,
      қару-жараққа және қақтығыстар мен жойқындарға бекер жұмсалатын қорларды бейбітшілік және әлеуметтік ілгерілеу мәселесіне арнаудың жедел қажеттілігін мойындап,
      адамзаттың жалпыға бірдей қажеттіліктерін өтеуде ғылым және техниканың атқарған үлесін ұғына отырып,
      қоғам өміріндегі және әлеуметтік ілгерілеу жолындағы теңсіздік, қанаушылық, соғыс, отаршылдық және нәсілдік сияқты барлық жамандықтарды және кедергілерді жою дүниежүзіндегі бар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бірінші кезектегі міндеті болып табылатынын пайымдап,
      осы мақсаттарға жету мәселесінде барлық адамзаттың прогресіне жәрдем беруге ниет білдіріп, және мақсаттарды іске асыру жолында барлық кедергілерден өтуді тілей отырып,
      осы Әлеуметтік ілгерілеу және даму декларациясын салтанатты түрде жариялайды және оны әлеуметтік даму саясатының жалпы негіздері ретінде пайдалану мақсатында ұлттық және халықаралық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға шақырады:

I Бөлім. ПРИНЦИПТЕР

I Бап

      Барлық халықтар мен барлық адамдар нәсіліне, түсіне, жынысына, дін тұтуына, ұлтына, этникалық шығу тегіне, отбасылық немесе әлеуметтік жағдайына, немесе саяси не өзге сенімдеріне қарамастан, лайықты жағдайларда және бостандық жағдайларында өмір сүруге және әлеуметтік ілгерілеу жетістіктерін пайдалануға құқылы және өз тарапынан оған жәрдемдесуге міндетті.

II Бап

      Әлеуметтік ілгерілеу және даму адамның тұлға ретіндегі абыройы мен құндылығын құрметтеуге негізделеді және адам құқықтары мен әлеуметтік әділеттіліктің дамуын қамтамасыз етеді, бұл:
      a) теңсіздік, халықтар мен жеке адамдарды қанау, отаршылдық, нәсілдік, соның ішінде, ұлтшылдық пен апартеидті қоса алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін түрлі өзге саясат пен идеологияның барлық түрлерін тез арада және біржола жойылуын;
      b) азаматтық және саяси құқықтарды, сонымен қатар ешбір кемсітушіліксіз экономимкалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды мойындап және тиімді жүзеге асыруды талап етеді.

III Бап

      Әлеуметтік ілгерілеу және дамудың негізгі жағдайлары мыналар болып табылады:
      a) халықтардың өз өзін билеу құқығына негізделген ұлттық тәуелсіздік;
      b) мемлекеттің ішкі мәселелеріне араласпаудың принципі;
      c) мемлекеттердің егемендігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу;
      d) әрбір мемлекеттің өз табиғи байлықтары мен ресурстарына қатысты ажырамас егемендігі;
      e) әлеуметтік дамудың жеке мақсаттарын еркін анықтауда, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының принциптеріне сәйкес сырттан ешқандай араласусыз оларға жетудің амалдары мен тәсілдерінің өз тәртібі мен кезектілігін бекітуде әрбір мемлекеттің және әрбір ұлт пен халықтың өзіне қатысты деңгейіндегі құқығы және жауапкершілігі;
      f) өз әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелері арасындағы айырмашылықтарға қарамастан мемлекеттердің бір бірімен татулықта өмір сүруі, бейбітшілік, достық қарым-қатынастар және ынтымақтастық.

IV Бап

      Қоғамның және табиғи ортаның негізгі ұяшығы ретінде отбасыға, оның мүшелері, әсіресе балалар мен жастардың өсімі мен саулығы үшін, ұжымдағы өз міндетін толығымен атқару мақсатында көмек пен қорғаныс қамтамасыз етілуі тиіс. Ата-аналар өз балалар санын және олардың туылуы арасындағы мерзімдерді еркін және толық жауапкершілікпен анықтауға ерекше құқықтарға ие.

V Бап

      Әлеуметтік ілгерілеу және даму адами ресурстардың толық пайдалануын талап етеді, соның ішіне мыналар кіреді:
      a) ағартушылық қоғамдық пікір жағдайында шығармашылық бастаманы көтермелеу;
      b) тұлғада жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістердің ұғындыруын дамыту мақсатында ұлттық және халықаралық сипаттағы ақпаратты тарату;
      c) Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген негізгі еркіндіктерді толық құрметтеу жағдайларында дамудың жалпы мақсаттарын анықтауда немесе жүзеге асыруда жеке тәртіпте немесе қауымдастықтар арқылы болсын, қоғамның барлық элементтерінің белсенді түрде қатысуы;
      d) тиімді біріктірілген қоғамды құру мақсатында жағымсыз жағдайларда өмір сүретін немесе халықтың кейін қалған таптарына әлеуметтік және экономикалық дамудың теңдестірілген мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

VI Бап

      Әлеуметтік даму әрбір адамға еңбек және жұмысты еркін таңдау құқығын беруді талап етеді.
      Әлеуметтік ілгерілеу және даму өндірістік және қоғамға пайдалы еңбекте қоғамның барлық мүшелерінің қатысуын және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарға сәйкес, сонымен қатар әділеттілік және әлеуметтік функциялар принциптеріне сәйкес жекеменшікті, сондай-ақ адам қанауының кез келген түрлерін болдырпайтын, барлық адамдарға жеке меншікке деген тең құқықтарды қамтамасыз ететін және адамдар арасындағы шынайы теңдікке бастайын жағдайларды тудыратын жерлерге және өндіріс құралдарына деген жекеменшік түрлерінің бекітілуін талап етеді.

VII Бап

      Ұлттық табыс пен байлықтың жедел артуы және оларды қоғамның барлық мүшелері арасында әділетті үлестірілуі түрлі әлеуметтік ілгерілеудің негізі болып табылады, сондықтан олар әрбір мемлекет пен үкімет қызметінің қақ ортасында болуы тиіс.
      Дамып келе жатқан елдердің халықаралық саудадағы жағдайын, соның ішінде, дамып келе жатқан елдерге сауданың қолайлы жағдайларын және өз тауарларын өткізу үшін әділетті және оңтайлы бағаларды қамтамасыз ету арқылы жақсарту сол елдерге ұлттық табысын молайтуға мүмкіндік туғызу және әлеуметтік дамуға жәрдем беру үшін қажетті болып табылады.

VIII Бап

      Өз халқына әлеуметтік ілгерілеу мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, осы мақсатқа жету және әлеуметтік құрылымдағы қажетті өзгерістерді жүзеге асыру үшін барлық ұлттық күш-жігерді біріктіру немесе көтермелеу мен үйлестіру, дамудың жан-жақты жоспарлардың бөлігі ретінде әлеуметтік дамудың шараларын жоспарлау мәселесінде әрбір үкіметке жоғарғы маңыздағы рөл және ақырғы жауапкершілік жүктеледі. Әлеуметтік даму саласындағы шараларды жоспарлаған кезде әрбір мемлекеттің дамып келе жатқан және дамыған аудандардың, қалалық және ауылдық елді мекендердің түрлі қажеттіліктері тиесілі түрде ескеріледі.

IX Бап

      Әлеуметтік ілгерілеу мен даму – бұл халықаралық қауымдастықтың ортақ ісі, ол келісілген халықаралық іс-әрекеттер жолы арқылы халықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған ұлттық жігерлерді толықтырады.
      Әлеуметтік ілгерілеу мен экономикалық өсім тек бейбіт мақсаттар мен барлық адамзат мүддесі аясында ғарыш кеңістігі, теңіздер мен мұхиттар түбі және оның қойнауы сияқты қоршаған орта аудандарын барлау, қорғау, қолдану және пайдалануда, ұлттық заң құзыреті шеңберінде, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының міндеттері мен мақсаттарына сәйкес, барлық ұлттардың ортақ мүддесінің мойындауын талап етеді.

II Бөлім. МАҚСАТТАР

      Әлеуметтік ілгерілеу мен даму адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерді құрметтеп және жүзеге асыра отырып, қоғамның барлық мүшелері өмірінің материалдық және рухани деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс, сол кезде мына басты мақсаттарға жетуге болады:

X Бап

      a) Еңбек етуге қатысты барлық деңгейдегі құқықтарды, кәсіби одақтар пен жұмыскерлер қауымдастықтарын құру және ұжымдық келісім-шарттарды жасасу құқықтарын қамтамасыз ету; толық өндірістік жұмыспен қамтылуына жәрдем беру, барлық адамдарға әділетті және қолайлы жұмыс жағдайларын жасау, соның ішінде, санитарлық жағдайларды және еңбек қорғауды жақсарту, ешбір кемсітушіліксіз еңбек ақысын қамтамасыз ету, өмір сүрудің айтарлықтай жоғарғы, қанағаттандырарлық деңгейін қамтамасыз ету үшін еңбек ақының минималды деңгейін бекіту; тұтынушыны қорғау;
      b) Аштық пен асқа жарымауды жою және лайықты түрде тамақтануға құқықтардың кепілі;
      c) Кедейлікті жою; өмір сүру деңгейінің үнемі арттылуын, сонымен қатартүскен табысты әділетті және теңдей етіп үлестірілуін қамтамасыз ету;
      d) Денсаулық сақтаудың ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізу және барлық халықтар денсаулығының қорғанысын қамтамасыз ету, мүмкіндігінше тегін;
      e) Сауатсыздықты мүлдем жою, жалпыға ортақ мәдениетке деген қолжетімділік, бастауыш деңгейде тегін міндетті оқу және барлық деңгейде тегін оқу құқығын қамтамасыз ету; өмір бойына білім алудың жалпы деңгейін арттыру;
      f) Барлық адамдарды, әсіресе, табыс мөлшері төмен және үлкен отбасыларды қанағаттандырарлық баспана және коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.
      Әлеуметтік ілгерілеу мен даму тең мөлшерде төменде аталған басты мақсаттарға жету үшін бағытталуы тиіс:

XI Бап

      a) Жан-жақты әлеуметтік қамсыздандыруды және әлеуметтік қамқорлық қызметтерін ұсыну, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін және ауру, еңбек етуге жарамсыздығы немесе жасы ұлғаю салдарынан отбасы және асырауындағы жандардың өмір сүрудің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында уақытша немесе тұрақты түрде жүмыс істей алмайтын адамдардың сақтандыру жүйесін құру және жақсарту;
      b) Ана және бала құқықтарын қорғау; балалар тәрбиесі және денсаулығына қамқорлық жасау, әйелдердің, әсіресе жүкітілік кезінде және балаларының сәби шағында жұмыс істейтін аналардың, сонымен қатар жалақысы отбасын қамтамасыз етуде жалғыз табыс көзі болып табылатын аналардың денсаулығы мен әл-ауқатының қорғанысына бағытталған іс-шараларды жүргізу; әйелдерге кейін жүмыс орны мен еңбек ақысын сақтай отырып, жүктілікке байланысты демалыстар беру және жәрдемақы төлеу;
      c) Балалар, қарттар мен мүгедектердің құқықтарын қорғау және әл-ауқатын қамтамасыз ету; дене және ақыл-ой кемшіліктері бар адамдар қорғанысын қамтамасыз ету;
      d) Жастарға әділетілік пен бейбітшілік идеалдары, халықтар арасындағы өзара құрмет пен түсіністік рухында тәрбие беру; жастар арасында осы идеалдарды дәріптеу; ұлттық даму үдерісінде жастардың толық қатысуына себебін тигізу;
      e) Әлеуметтік қорғаныс саласында іс-шаралар жүргізу және қылмысты, заң бүзушылықты, әсіресе кәмелетке толмағандардың қылмысын тудыратын жағдайларды жою;
      f) Әрбір адам ешбір кемсітушіліксіз өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардар болатынына және өз құқықтарын жүзеге асыруда және қорғау кезінде қажетті көмек алатынына кепілдер.
      Ары қарай, әлеуметтік ілгерілеу және даму келесі аталатын басты мақсаттарға жету үшін бағытталуы тиіс:

XII Бап

      a) Әлеуметтік және экономикалық дамудың, әсіресе дамып келе жатқан мемлекеттерде, жеделдегі және үздіксіздігі үшін жағдайлар жасау; халықаралық экономикалық қатынастарды өзгерту, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа әрі тиімді тәсілдерін қолдану кезінде мүмкіндіктер теңдігі мемлекеттер болсын, сондай-ақ мемлекет ішіндегі жеке тұлғалардың айрықша басымдылығы болуы тиіс;
      b) Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін кемсітушілік пен қанаудың, түрлі өзге тәжірибелер мен идеологиялардың барлық түрлерін жою;
      c) Әрбір ел халқына өз ұлттық ресурстардың игілігін толықтай пайдалану мүмкіндігін беру мақсатында шетел экономикалық пайдаланудың, соның ішінде халықаралық монополиялар жүзеге асыратын пайдаланудың барлық түрлерін жою.
      Және, ең соңғысы, әлеуметтік ілгерілеу мен даму келесі аталатын басты мақсаттарға жету үшін бағытталуы тиіс:

XIII Бап

      a) Ғылым мен техника жетістіктерін пайдалануда дамыған және дамып келе жатқан елдердің теңқұқылы қатысуы, қоғамның әлеуметтік игілігіне ғылым мен техниканың пайдалануы кең етек жайып келеді;
      b) Адамзаттың ғылыми, техникалық және материалдық ілгерілеу мен интеллектуалдық, рухани, мәдени және адамгершілік дамуы арасында үйлесімді тепе-теңдікті орнату;
      c) Адамның қоршаған ортасын қорғау және жақсарту.

III Бөлім. АМАЛДАР МЕН ТӘСІЛДЕР

      Осы Декларацияда мазмұндалған принциптер негізінде, әлеуметтік ілгерілеу мен даму мақсаттарына жету үшін ұлттық, халықаралық іс-әрекеттер арқылы қажетті ресурстардың жұмылдырылуы талап етіледі, және төменде аталған амалдар мен тәсілдерге айрықша назар аударылуы тиіс:

XIV Бап

      a) Жалпы пропорционалды дамуды жоспарлаудың негізгі бөлігі ретінде әлеуметтік ілгерілеу мен дамуды жоспарлау;
      b) Қажет болған жерлерде әлеуметтік саясат пен бағдарламаларды әзірлеу мен өмірге бейімдеу жөніндегі ұлттық жүйелер мекемесі, аймақтардың түрлі жағдайлары мен қажеттіліктерін ескере отырып, жоспарлы аймақтық дамуға, соның ішінде қолайсыз жағдайдаларда немесе мемлекеттің басқа өңірлермен салыстырғанда кенже қалған аудандарды дамытуға мүдделі мемлекеттер тарапынан жәрдем беру;
      c) Әлеуметтік даму бағдарламаларын жоспарлау мен орындалуында қолданылатын негізгі және қолданбалы әлеуметтік зерттеулерді, әсіресе салыстырмалы халықаралық зерттеулерді марапаттау.

XV Бап

      a) Экономикалық және әлеуметтік дамудың ұлттық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу мен орындалуына қоғамның барлық элементтерінің лайықты түрде тиімді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдау;
      b) Ұлттық қоғамның толық бірігуіне жету, әлеуметтік мобильділік прогресін тездету және демократиялық жүйені нығайту мақсатында ұлттық үкіметтік органдар және үкіметтік емес ұйымдар, кооперативтер, ауылдық жерлердің қауымдастықтары, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер ұйымдары, сонымен қатар әйелдер және жастар ұйымдарының арқылы, әлеуметтік және экономикалық ілгерілеу мен қоғамдық дамудың ұлттық және аймақтық жоспарлары сияқты әдістердің көмегімен қалың бұқараны мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси өміріне қатыстыруын кеңейту үшін шаралар қабылдау;
      c) Әлеуметтік ілгерілеу мен дамудың принциптері мен мақсаттарын қолдауда ұлттық деңгейде де, сонымен қатар халықаралық деңгейде де қоғамдық пікірді жұмылдыру;
      d) Халықты жалпы қоғамда өзгеріске ұшырап жатқан жағдайлар туралы хабардар ету және тұтынушыға білім беру мақсатында ұлттық және халықаралық деңгейлерде әлеуметтік ақпаратты тарату.

XVI Бап

      a) Барлық ұлттық ресурстардың максималды жұмылдырылуы және олардың рационалды әрі тиімді пайдаланылуы, әлеуметтік және экономикалық салаларда, сондай-ақ даму процесі бағытындағы қоғамды жұмыспен қамту, оған бағыт беру саласындағы өндірістік капитал салымдарын арттыру мен тездетуіне жәрдем беру;
      b) Әлеуметтік даму аспектілерін қаржыландыру үшін талап етілетін қажетті бюджеттік және өзге ресуртардың ілгерінді ұлғаюы;
      c) Әлеуметтік ілгерілеуге қолғабыс болу үшін салық жүйесін және мемлекеттік шығындарды қоса алғанда, табысты әділетті үлестіру және қайта үлестіру құралы ретінде қолдану жолы арқылы ұлттық табысты әділетті бөлуге қол жеткізу;
      d) Дамып келе жатқан мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына зиян келтіретін, осындай капиталдың жылыстауын болдыртпауына бағытталған шараларды қабылдау.

XVII Бап

      a) Индустриализация процесін тездету үшін, әсіресе дамып келе жатқан мемлекеттерде, сол ел халқының мүддесінде оның әлеуметтік аспектілерін тиісті түрде ескере отырып, шаралар қабылдау; өнеркәсіп секторының үздіксіз және жан-жақты өсімін ынталандыратын тиісті ұйымдастырушылық және заңнамалық құрылымын дамыту; урбанизация және индустриализация, соның ішінде автоматтандыру нәтижесінде пайда болуы мүмкін қолайсыз әлеуметтік салдарды жеңу жөнінде шараларды қабылдау; ауылдық және қалалық даму арасындағы тиісті тепе-теңдікті сақтау, және, соның ішінде, ең бастысы ірі өнеркәсіптік орталықтарды өмір жағдайларын сауықтыруға қатысты шараларды қабылдау;
      b) Урбанизация және қалалар құрылысы мәселесін шешу мақсатындағы кешенді жоспарлау;
      c) Ұлттық даму мен әлеуметтік ілгерілеуге тең көлемде жәрдемдесе алатын ауылдық елді мекендер халқының өмір сүру деңгейін арттыру және қала мен ауыл арасындағы осындай қатынастарды жеңілдету, сонымен қатар халықты тиісті түрде үлестіру мақсатында ауылдық аудандарды дамыту жөніндегі жан-жақты жоспарларды әзірлеу;
      d) Қоғам мүддесіне қарай жерлерді пайдалануда тиісті бақылауды орнату үшін шараларды қабылдау.
      Әлеуметтік ілгерілеу мен дамудың мақсаттарына жету тең мөлшерде келесі амалдар мен тәсілдерді өмірде қолдануды талап етеді:

XVIII Бап

      a) Барлық адамдардың тек саяси және азаматтық құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ғана емес, сондай-ақ ешбір кемсітушіліксіз экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын толық іске асыруда тиісті заңнамалық, әкімшілік және өзге шараларды қабылдау;
      b) демократиялық принциптерге негізделген әлеуметтік әрі ұйымдастырушылық реформаларға және кемсітушілік пен қанаудың барлық түрлерін жою үшін қажетті және жерді иелену мен жерді пайдалану жүйелері әлеуметтік әділеттілік және экономикалық даму мақсаттарына лайықты түрде қызмет ететін аграрлық реформаны қоса алғанда, экономикалық және әлеуметтік ілгерілеудің жоғарғы қарқындарына апаратын өзгерістерге деген ынталарға қолғабыс болу;
      c) Азық-түліктің жеткілікті және жақсы үйлестірілімді қамтуын, оны барлық халыққа бірдей етіп әділетті бөлу және тамақтану нормаларын жақсарту мақсатында, демократиялық аграрлық реформаларды жүргізу жолы арқылы, ауылшаруашылық өндірісті кенеттен ұлғайту және оны әртараптандыру үшін шаралар қабылдау;
      d) Үкіметтің қатысуымен, ауылдық жерлерде, сондай-ақ қалалық аудандарда қымбат емес тұрғын үй құрылыстарының бағдарламаларын енгізу бойынша шаралар қабылдау;
      e) Көлік және байланыс жүйелерін дамыту және кеңейту, әсіресе, дамып келе жатқан мемлекеттерде.

XIX Бап

      a) Барлық халыққа денсаулық сақтау саласындағы тегін қызметтерді ұсыну және тиісті профилактикалық және емдеу мекемелер, сонымен қатар медициналық қызметтер жаппай барлығына бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
      b) Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қамқорлық саласында жан-жақты бағдарламаларды жүзеге асыру, сонымен қатар қолданыстағы қызмет көрсетулерді жақсарту және үйлестіру мақсатында заңнамалық шаралар мен әкімшілік ережелерді қабылдау және іс асыру;
      c) Халықаралық еңбек ұйымының №97 Конвенция ережелеріне және мигрант-жұмыскерлерге қатысты өзге халықаралық құжаттарға сәйкес мигрант-жұмыскерлер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты шаралар қабылдау және қызметтерді ұсыну;
      d) Ақыл-ой және физикалық кемшіліктері бар адамдар, әсіресе жастар мен балалар толыққанды түрде қоғамның пайдалы мүшелері болуына көмек беру мақсатында, олардың еңбекке жарамсыздығын қалпына келтіру жөнінде тиісті шараларды қабылдау; бұндай шаралар емдеу және техникалық бейімдеулерді, білім алу, кәсіби және әлеуметтік бағыт алу, жұмысқа орналасу кезінде оқу және жеңілдіктерге ие болу мүмкіндіктерін, сонымен қатар қажетті көмектің өзге түрлерін беруді, еңбекке жарамсыз тұлғалар өз кемшіліктері салдарынан кемсітушілікке тап болмайтын әлеуметтік жағдайларды жасауды қамтиды.

XX Бап

      a) Кәсіби одақтарға толыққанды демократиялық еркіндіктерді, барлық жұмыскерлерге қауымдастық еркіндіктерді, соның ішінде ұжымдық келісім-шарттар жасасу мен ереуілдерге шығу құқықтарын беру, жұмыскерлердің өзге ұйымдарды құру құқықтарын мойындау; экономикалық және әлеуметтік дамуда кәсіби одақтардың аса кең көлемде қатысуына мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; кәсіби одақтардың барлық мүшелері өз мүдделеріне қатысты экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешімі кезінде нәтижелі қатысуы;
      b) Лайықты технологиялық және заңнамалық шаралар көмегімен жұмыскерлердің гигиена және еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту және осы шараларды жүзеге асыру үшін материалдық жағдайларды қамтамасыз ету, соның ішінде жұмыс сағаттарын шектеу;
      c) Келісілді өнеркәсіптік қатынастарды дамыту мақсатында тиісті шараларды қабылдау.

XXI Бап

      a) Ұлттық кадрларды және әлеуметтік даму, сонымен қатар жалпы дамудың жоспарлары мен саясатын дамыту және жүзеге асыру үшін қажетті әкімшілік, басқарушы, кәсіби және техникалық қызметтерді дайындау;
      b) Жалпы кәсіби және техникалық білім беруді кеңейту мен жақсартуын тездету, кадрларды дайындау және қайта дайындау мақсатында, бұл барлық деңгейлерде тегін қамтамасыз етілуі тиіс, шараларды қабылдау;
      c) Білімнің жалпы деңгейін жоғарылату; ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту және кеңейту, барлық халыққа білім берудің үздіксіз үдерісін қамтамасыз ету және әлеуметтік даму саласында оның қатысуын ынталандыру үшін оларды рационалды және толық пайдалану; адамдардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын сындарлы пайдалану;

d) Ақылды адамдарды сыртқа кетуін және одан туындайтын жағымсыз салдардың алдын алуына бағытталған ұлттық және халықаралық саясат пен іс-шараларды әзірлеу.

XXII Бап

      a) Қоғамның негізгі ұяшығы ретінде отбасының аса маңызды функцияларын нығайтуға бағытталған саясат пен шараларды әзірлеу және үйлестіру;
      b) Ұлттық демографиялық саясат шеңберінде және жалпы медициналық қызмет көрсетудің маңызды бөлігі ретінде тұрғылықты халық саласындағы бағдарламаларды, соның ішінде қызметкерлерді оқыту, дайындау бағдарламаларды қажетті жағдайларда әзірлеу және енгізу, сонымен қатар отбасыларға балалар саны және олардың туылуы арасындағы мерзімі мәселелеріне қатысты еркін әрі жауапты шешім қабылдауда өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін бере алатын білім мен амалдарды ұсыну;
      c) Балалар және жұмыс істейтін ата-аналар мүддесінде тиісті балалар мекемелерін құру.
      Әлеуметтік ілгерілеу және даму мақсаттарына жету, ең соңында, мына амалдар мен тәсілдердің іске асырылуын талап етеді:

XXIII Бап

      a) Дамып келе жатқан мемлекеттер өсімі қарқынын айтарлықтай тездетуін қамтамасыз ету мақсатында, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму саласының саясаты шеңберінде, сол елдер үшін аса жоғары экономикалық өсімі қарқынына қатысты тапсырмаларды орнату;
      b) Айтарлықтай қолайлы жағдайлар негізінде қомақты көмек көрсету; экономикалық қатынаста озық болып саналатын елдердегі жалпы ұлттық өнімнің (нарықтық бағаларда) 1 пайызынан кем емес мөлшерде көмек көрсету жөніндегі тапсырманы орындау; дамып келе жатқан елдерге займдардың төмен пайыздық ставкаларды орнату және займдарды өтеудің жеңілдігі бар ұзақ мерзімдерді ұсыну арқылы займдарды беру жағдайларын жалпы жеңілдету және осындай займдарды беру қандай да бір саяси пікірлерге тәуелді болмай, қатаң түрде әлеуметтік-экономикалық критерийлерге сүйенетініне кепіл беру;
      c) Техникалық, қаржы және материалдық көмекті біртарапты, сондай-ақ көптарапты негізде мүмкіндігінше аса толық деңгейде және қолайлы жағдайларда ұсыну, дамудың ұлттық жоспарларының әлеуметтік мақсаттарына жету үшін халықаралық көмек үйлестірімін жақсарту;
      d) Дамып келе жатқан мемлекеттерге техникалық, қаржы және материалдық көмек көрсету, сондай-ақ қолайлы жағдайлар жасау, бұл осы елдер өз ұлттық ресурстары мен табиғи байлықтарының пайдалануын жүзеге асыруына көмек беру және осы елдердің халықтарына өз ұлттық ресурстарын толық көлемде пайдалануына мүмкіндік туғызу болып табылады;
      e) Теңдік және кемсітушілікті болдырмау принциптеріне негізделген халықаралық сауданы кеңейту; сауданың әділетті жағдайлары көмегімен дамып келе жатқан мемлекеттердің халықаралық саудадағы жағдайын түзету; дамып келе жатқан елдердің дамыған елдерге экспорты үшін префенциялардың өзаралыққа негізделмеген, дискриминацияға ұшырамаған жалпы жүйені енгізу; жалпы және жанжақты тауарлық келісімдерді орындалуына қорытынды жасау және халықаралық қаржы мекемелерінің жеткілікті буферлік қорларын қаржыландыру.

XXIV Бап

      a) Әлеуметтік ілгерілеу мен даму саласындағы халықаралық ақпаратпен, білім және тәжірибемен алмасуды қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты күшейту;
      b) Аса кең халықаралық, техникалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық және өзара пайда болатын, сондай-ақ қатаң түрде ұлттық егемендікті сақтау және құрметтеу негізінде түрлі экономикалық және әлеуметтік жүйелері бар мемлекеттер тәжірибесін өзара пайдалану мүмкіндігі;
      c) Әлеуметтік және экономикалық даму үшін ғылым мен техниканың аса кең қолданылуы; дамып келе жатқан мемлекеттерге техникалық білімдерді, соның ішінде өндіріс технологиясы мен патенттерді беру жөніндегі іс-шаралар, сонымен қатар осы білімдермен алмасуға қатысты шаралар.

XXV Бап

      a) Ұлттық деңгейде, сондай-ақ халықаралық деңгейде адамның қоршаған ортасын қорғау және жақсарту жөніндегі құқықтық және әкімшілік шараларды әзірлеу;
      b) Тиісті халықаралық нормаларға сәйкес, экономикалық және әлеуметтік ілгерілеу мен дамуға жету мақсатында, дамып келе жатқан елдердің мүдделері мен қажеттіліктеріне айрықша көңіл бөле отырып, кез келген мемлекеттегі ұлттық заңнама күшінен тыс, оның географиялық жағдайына қарамастан, ғарыштық кеністік, мұхиттар мен түбі, олардың қойнауы сияқты қоршаған орта аудандарының ресурстарын қолдану және пайдалану.

XXVI Бап

      Басқыншылық және агрессордың аумақты заңсыз басып алу нәтижесінде келтірілген әлеуметтік және экономикалық сипаттағы шығынды, соның ішінде реституция және репарацияны өтеу.

XXVII Бап

      a) Жалпы және толық қарусыздандыруға қол жеткізу және барлық халықтардың экономикалық және әлеуметтік ілгерілеу мен әл-ауқаты үшін, соның ішінде дамып келе жатқан елдер игілігі үшін пайдалануға бірте-бірте босатылатын ресустарды бағыттау;
      b) Қарусыздандыруға әкелетін шараларды қабылдау, соның ішінде, атап айтқанда, ядролық қаруды сынақтан өткізуге толықтай тыйым салу, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қаруды әзірлеуге, дайындап шығаруға және қорларын жинақтауға тыйым салу және ядролық өндіріс қалдықтарымен мұхиттар мен ішкі сулардың ластануын болдырпау.


Дата изменения акта:  11.12.1969
Дата принятия акта:  11.12.1969
Место принятия:  НЕТ
Орган, принявший акт:  200000000000
Регион действия:  200000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  НЕТ
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001002004000 / 032016000000
Форма акта:  ДЕКЛ / РЕКМ
Юридическая сила:  1300
Язык акта:  kaz