Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 154 өкімі

      1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясы 2017 жылғы 26 сəуір күні Астана қаласында Бейбітшілік жəне келісім сарайында "Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім" күн тəртібімен шақырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бесінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ