08.09.2010

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудын тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат; 2006 ж., № 11, 101-құжат; 2007 ж., № 9, 99-құжат; 2008 ж., № 47, 525-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкімге 3-қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" орденінің сипаттамасы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      үшінші бөлімнің үшінші сөйлемінде:
      "Күміс алқа" алқасының сипаттамасында "латуньнан жасалып, күміспен күптелген" деген сөздер "мельхиордан жасалады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2010 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 436 өкіміне     
ҚОСЫМША        

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" ордені

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" ордені жұлдыздан және иыққа асылатын лентадағы орден белгісінен тұрады.
      Орден жұлдызы оюланған он алты ұшты жұлдызды болып келеді, оның беті сипатталған диаметрі 75 мм. сатылы таралған сәулелер түрінде орындалған.
      Ортаңғы шеңберде көк түсті зергерлік эмаль аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бедерлі қырынан қараған кескіні орналасқан.
      Кескін ақ түсті зергерлік эмаль аясында, айналдыра "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" жазуы жазылған қондырмалы сақинамен көмкерілген. Сақина айналдыра бүктемелерінің арасына 8 табиғи лағыл бекітілген лентамен сәнделген.
      Сырт жағында жұлдызды киімге бекіту үшін визорлы бекітпелі түйреуіш орналасқан.
      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденінің белгісі оюланған сегіз ұшты жұлдызды болып келеді, оның негізі сипатталған диаметрі 65 мм. ортадан таралған сәулелер түрінде орындалған.
      Ортаңғы шеңберде ақ түсті зергерлік эмаль аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың монограммасы орналасқан.
      Монограмма лавр жапырақтары бейнеленген бедерлі гүлтәжбен және ақ түсті зергерлік эмаль аясында, айналдыра "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" жазуы жазылған жапсырмалы сақинамен көмкерілген. Сақина айналдыра бүктемелерінің арасына 8 табиғи лағыл бекітілген лентамен сәнделген. Жазулы сақина, лағылды лента және ұштарына қарай ұзартыла таралған сегіз сәуле "Жұлдыз" қондырмасын қалыптайды. Сегіз ұшты жұлдызды жасайтын сәулелердің ортасында, әр сәуледе 3 данадан гауһар орналасқан. "Жұлдыз" қондырмасының сәулелеріне ақ түсті зергерлік эмаль жалатылған.
      Орденнің сырт жағында жапсырмалы қақпақ бекітілген, онда орденнің рет нөмірі нақышталған.
      Орден карабинді сақина арқылы иық лентасына жалғасқан. Иық лентасы ені 100 мм көк түсті муарлы матадан жасалған.
      Жұлдыз және орден белгісі 750 сынамалы алтыннан жасалған.


Дата вступления в силу:  08.09.2010
Дата изменения акта:  08.09.2010
Дата принятия акта:  08.09.2010
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 53, 498-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  436
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  004000000000 / 001008000000
Форма акта:  РАСП
Юридическая сила:  0800
Язык акта:  kaz