Мемлекеттік рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссия қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 мамырдағы N 549 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 312 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312  Жарлығымен.

Президент пен Үкімет   
актілерінің жинағында  
(ПҮАЖ) жариялануға тиіс 

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның қызметiн жандандырып, мемлекеттік рәмiздердi қолдану және насихаттау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай өкiмдерiне өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Мемлекеттік нышандар жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шілдедегі N 3578  өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 268-құжат; 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж. N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат):

      жоғарыда аталған өкiммен бекітiлген Мемлекеттік рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереженiң 11-тармағындағы "қоғамдық келiсiм" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) "Мемлекеттік рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58  өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат):

      жоғарыда аталған өкiммен бекiтілген Мемлекеттік рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсiн:

Қосыбаев                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы            ақпарат және спорт министрi,
                            Комиссия төрағасының орынбасары,

Досжан                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы           ақпарат және спорт вице-министрi,
                            Комиссия хатшысы,

Тасболатов                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Абай Бөлiкбайұлы            министрiнiң орынбасары,

Өскiмбаев                 - Қазақстан Республикасы
Қажымұрат Бейiсұлы          Iшкi iстер вице-министрi,

Омаров                    - "Қазақпарат" ұлттық компаниясы"
Жанай Мұратұлы              АҚ президентi (келiсiм бойынша);

      мына жолдар:

"Кәлетаев                 - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Дархан Аманұлы              Әкiмшілiгi Iшкi саясаты басқармасының
                            Әлеуметтік-саяси бөлiмiнің меңгерушiсi,
                            Комиссия төрағасының орынбасары",

"Тоқсейiтов               - Астана қаласы Суретшілер одағы
Марат Төлегенұлы            басқармасының төрағасы
                            (келiсiм бойынша)"

      тиiсiнше мынадай редакцияда жазылсын:

"Кәлетаев                 - Қазақстан Республикасы
Дархан Аманұлы              Президентi Әкiмшiлігінің Әлеуметтік-
                            саяси бөлімiнің меңгерушiсi",

"Тоқсейiтов               - Астана қаласы Суретшiлер одағының
Марат Төлегенұлы            мүшесi (келiсiм бойынша)";

      Комиссия құрамынан O.Г.Рябченко, Ғ.М.Шалахметов шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті