24.01.1992

Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеудi ретке келтiру туралы

      Қазақстан Республикасында қалыптасқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеуге рұқсат беру практикасы кәсiпкерлердiң iскерлiк белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдеспейдi, жаңа кәсiпорындардың пайда болуын қиындатады. Халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң атқару комитеттерi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу кезiнде Қазақ ССР-iнiң "Шаруашылық қызметтiң еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы" Қазақ ССР Заңы 10-статьясының екiншi бөлiмiн бұзып, құрылтайшылардан өндiрiс және қызмет үйлерiнiң бар екенiн дәлелдеудi, бақылаушы органдардың келiсiмдерi мен рұқсаттарын талап етедi, бюрократизм мен сөзбұйдаға жол бередi.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу тәртiбiн жеңiлдету, кәсiпкерлердiң хұқыларын бұзудың жолын кесу және кәсiпкерлiк қызметтiң бостандығына кепiлдiктер жасау мақсатымен қаулы етемiн:
      1. Халық депутаттары аудандық, қалалық, қаладағы аудандық Кеңестерiнiң атқару комитеттерi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеудiң ақпараттық есепке алу тәртiбiн қатаң сақтасын.
      Аталған халық депутаттары Кеңестерiнiң атқару комитеттерiне шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу кезiнде олардан өндiрiс және қызмет үйлерiнiң бар екендiгi туралы құжаттар талап етуге, құрылтай құжаттарын бақылаушы органдармен (Мемлекеттiк өрт қадағалау, Мемлекеттiк тау-кен, техника хауiпсiздiгiн қадағалау, санитарлық қадағалау және т. б.) келiсуге (бұрыштама алуға), құрылтай құжаттарының нормаларын редакциялап, өзгертуге ауданның мұқтаждықтарына және басқа мақсаттарға заңда көзделмеген төлемдердi талап етуге тыйым салынсын.
      2. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн және ол осы қаулыға қол қойылған кезден бастап күшiне енгiзiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құрылғанға дейiн тiркелген концерндер, компаниялар, бiрлестiктер және басқа ұйымдық-басқарушы құрылымдар 1992 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақ ССР Заңының 10, 12-статьяларына сәйкес өздерi тiркелген жергiлiктi жерлердегi атқару комитеттерiне Монополияға қарсы комитеттiң қорытындысын беретiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бес күндiк

мерзiмде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу тәртiбiн 
жеңiлдету және осы тәртiптi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк енгiзу 
мақсатымен Қазақстан Республикасының заң актiлерiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы Заңның жобасын Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгiзсiн. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Президентiнiң
                                      1992 жылғы 24 қаңтардағы
                                            N 584 қаулысымен
                                               Бекiтiлген 
     
            Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргiзушi
                  субъектiлердi тiркеу тәртiбi туралы
                             Ереже 
     


      Республика территориясындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi (заңды ұйымдарды, соның iшiнде бiрлескен кәсiпорындарды, сондай-ақ азаматтарды) мемлекеттiк тiркеудi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң орналасқан жерлерi бойынша атқарушы-өкiмшi органдарда арнайы лауазымды адам (тiркеушi орган) жүргiзедi.
      Еншiлес кәсiпорындарды тiркеу де осындай тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тiркету үшiн тiркеушi органға өтiнiш берiледi және мыналар қоса тапсырылады:
      а) белгiленген форма бойынша толтырылған тiркеу карточкасы (формасы қоса берiлiп отыр);
      б) тiркеу алымының төленгенi туралы төлем кепiлдiгiнiң көшiрмесi (квитанция).
      3. Тiркеу мыналарды қамтиды: тiркеу нөмiрiн беру, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру (форма берiлiп отыр), Мемлекеттiк реестрге жазу, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тiркелгенi туралы мемлекеттiк бақылау-қадағалау органдарына (тiзбесi берiлiп отыр) хабарлау және жүйе-есеп кодтарын беру.
      4. Өтiнiш пен тiркеу карточкасына құрылтайшы (құрылтайшылар уәкiлдiк берген адам) немесе шаруашылық жүргiзушi субъект азамат қол қояды. Егер құрылтайшылар ретiнде заңды ұйымдар түсiп отырса, өтiнiшке уәкiлдiк алған адам қол қояды да, оған жаңа заңды ұйымның құрылғаны туралы шешiм (жиналыстың протоколы) қоса тiркеледi. Егер құрылтайшылар азаматтар болса, қойылған қолдың шынайылығы не нотариалдық тәртiппен, не құрылтайшылардың қалауы бойынша паспортты (адамның жеке басын куәландыратын құжатты) көрсету жолымен куәландырылады.
      5. Осы Ережеде қарастырылғандардан басқа қандай да бiр құжаттар мен мағлұматтарды (рұқсаттарды, келiсiмдердi) талап етуге тыйым салынады.
      6. Мемлекеттiк тiркеу туралы мәселенi өзiне тiркеу туралы өтiнiш пен толтырылған тiркеу карточкасы түскеннен кейiн 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей тiркеушi орган қарауға тиiс.
      Көрсетiлген мерзiмде уақытша үзiлiс болады, бұл үзiлiс кезiнде өтiнiш иесi тiркеу құжаттарын қарау барысында анықталған кемшiлiктердi түзетедi.
      Көрсетiлген мерзiм iшiнде тiркеушi орган шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тiркеу туралы шешiм қабылдауға, немесе жазбаша түрде нақтылы заңның (норманың) бұзылғандығына сiлтеме жасап, бас тартатын дәлелдi жауап беруге мiндеттi.
      7. Тiркеуден бас тарту мына себептерге байланысты:
      егер шаруашылық жүргiзушi субъект заң тыйым салған қызметпен шұғылдану ниетiнде болған;
      егер тiркеу карточкасына енгiзiлген деректер жалған болған;
      егер осы Ережеде қарастырылған құжаттар табыс етiлмеген жағдайда орын алуы мүмкiн.
      8. Шаруашылық жүргiзушi субъект мекемесiнiң және ол шұғылданбақ болған қызмет түрiнiң тиiмсiздiгiн, әрi оның алдағы қызметiнiң көп салалы екенiн сылтауратып, себептi бас тартуға тыйым салынады.
      9. Егер шаруашылық жүргiзушi субъект белгiленген мерзiмде тiркелмесе немесе оны тiркеуден бас тарту заңсыз болса, құрылтайшының сотқа жүгiнуге хұқы бар.
      10. Бас тартудың заңсыздығын анықтағаннан кейiн сот бұл туралы тиiстi шешiм қабылдайды да, тiркеудi жүргiзген органды сот шешiмi алынғаннан кейiн 10 күннiң iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiнi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыруға мiндеттейдi.
      Сонымен бiрге сот кiнәлi лауазымды адамнан 5 мың сомнан 10 мың сомға дейiнгi мөлшерде айып төлетедi. Мұндай айып шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тiркелуге тиiс екенiне немесе оны тiркеуден бас тартудың дәлелдi болу-болмауына қарамастан, лауазымды адам тiркеудiң белгiленген мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда да

төленедi.
     11. Осындай iс-әрекеттерi үшiн айып төлеудiң жоғарыда аталған
шарасы қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде лауазымды адам жол
берген дәл сондай тәртiп бұзу (яғни тiркеуден заңсыз бас тарту
немесе тiркеудiң белгiленген мерзiмдерiн бұзу) 10000 сомнан
20000 сомға дейiнгi мөлшерде айып салуға және қызметтен шығаруға
апарып соқтырады.
     Төленген айыптардың сомасы аудан (аудандарға бөлiнбейтiн қала)
бюджетiнiң кiрiсiне түседi.
     12. Мемлекеттiк тiркеу шаруашылық жүргiзушi субъектiге 
белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берумен
аяқталады.
     13. Мемлекеттiк тiркеу үшiн шаруашылық жүргiзушi 
субъектiлерден мына мөлшерде алым:
     заңды ұйымдардан - бiр мың сом;
     заңды ұйым құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын 
азаматтардан - он сом алынатын болып белгiленсiн.
     Қайта тiркегенi, сондай-ақ тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын
бергенi үшiн алымның жарты мөлшерi төленедi.
     Алым тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне қосылады.


      14. Құрылтайшылар құрамы, меншiк иесi, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң меншiк формасы өзгергенде ол осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес бiр ай мерзiмде қайта тiркелуге тиiс.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер нақ сол мерзiмде басқа да реквизиттердiң өзгерiстерi туралы хабарлауға мiндеттi, ал бұлардың тiркеу карточкасына енгiзiлуi қайта тiркеу болып табылмайды және алым төлетпей жүзеге асырылады (қызмет түрiнiң, тұрған жерiнiң, телефоны мен телефаксi нөмiрiнiң өзгеруi және басқалар).
      15. Қайта тiркеу және шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң басқадай өзгерiстерi туралы мәлiметтер беру мерзiмiн бұзғаны үшiн кiнәлiлер мына төмендегi мөлшерлерде айып төлейдi:
      заңды ұйымдардың басшылары - 200 сомнан 400 сомға дейiн
      шаруашылық жүргiзушi субъектi-азаматтар - 100 сомнан 200
      сомға дейiн.
      Көрсетiлген айыпты тiркеушi органның өтiнiшi бойынша сот төлетедi және бұл айып аудандық (қалалық) бюджеттiң кiрiсiне түседi.
      16. Тiркеушi орган шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi мемлекеттiк тiркеу туралы қажеттi деректердi тiркеуден кейiн 10 күн мерзiмде Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң органдарына беруге мiндеттi.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiнi мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтердi алғаннан кейiн статистика органы оны мемлекеттiк реестрге енгiзедi, жүйе-есеп кодтарын бередi, сөйтiп оған және тiркеушi органға бұл туралы тiркеу карточкасында көрсетiлген адрес бойынша, қосымша ақы төлеттiрместен 10 күн мерзiмде жазбаша түрде хабарлайды.
      17. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк шаруашылық жүргiзушi субъектiге (заңды ұйымға да, жеке адамға да) мөр, бұрыштама штамп, фирмалық бланк, товарлық белгi дайындау үшiн, сондай-ақ банк есеп-шоттарын ашу үшiн негiз болып табылады.
      18. Тiркелмеген шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметiне тыйым салынады, ал мұндай қызметтен түскен кiрiс жергiлiктi бюджетке алынады. Сонымен бiрге осы субъектiден мына төмендегi мөлшерлерде айып алынады:
      заңды ұйымдардан - 10 мың сомнан 100 мың сомға дейiн
      азаматтардан - 1 мың сомнан 10 мың сомға дейiн.
      19. 18-тармақта көрсетiлген кiрiс пен айыпты өндiрiп алу халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерi атқару комитеттерiнiң, салық инспекцияларының талаптары, прокурордың мәлiмдеуi, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттiк органдардың мәлiмдеулерi бойынша соттың шешiмiмен жүргiзiледi.
      20. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - заңды ұйымдар таратылған кезде тарату комиссиясы тiркеудi жүзеге асырған органға оны шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеудiң мемлекеттiк реестрiнен шығару үшiн мәлiметтер бередi және оған мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi қайтарады.
      21. Шаруашылық қызметiн тоқтатқан азамат бұл туралы тiркеу органына өтiнiш бередi де, бұл орган кәсiпкерге алынған тiркеу куәлiгiнiң орнына кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы анықтама бередi.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң есеп айырысу шоттарындағы қаржы меншiк иелерiне олар тiркеу куәлiгiнiң тапсырылғаны туралы, сондай-ақ таратылған шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң мөрi мен бұрыштама штампының тапсырылғаны туралы анықтаманы табыс еткеннен кейiн берiледi.
      Ескерту:
      1. Осы Ереженiң 10-тармағындағы екiншi абзацының 11, 15, 18-тармақтары Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк хұқық бұзушылық туралы Кодексiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн күшiне енедi.
      2. Осы Ереженiң 2-тармағы "Шаруашылық серiктер және акционерлiк қоғамдар туралы", "Жал туралы", "Шетел инвестициялары туралы", "Қазақ КСР-iндегi шаруашылық қызметтiң еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы", "Қазақ КСР-iндегi кәсiпорындар" туралы Қазақ КСР

Заңдарына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен күшiне 
енедi.
                   Тiркеу карточкасы
<*>

                       (кесте)
     
<*>
Тiркеу карточкасының формасын Қазақстан Республикасының 
Статистика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы
Юстиция министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
монополияға қарсы комитетiмен келiсiп өзгертедi.

                   Шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тiркеу туралы
                               Куәлiк

--------------------------           -------------------------------
    елдi мекен                               күнi

1. _________________________________________________________________
          (заңды ұйымның атауы немесе азаматтың аты-жөнi)
____________________________________________________________________
              шаруашылық жүргiзушi субъект ретiнде тiркелдi
______________199___жылы және N________ бойынша Мемлекеттiк реестрге
енгiзiлдi.
2. Қызметiнiң профилi мен негiзгi түрлерi (шығарылатын өнiм, iстелетiн
  
   жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер)________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

3. Меншiк формасы __________________________________________________

____________________________________________________________________

4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң типi (шағын кәсiпорын, акционерлiк

   қоғам, т. т.)____________________________________________________

____________________________________________________________________

5. Орналасқан жерi және почталық мекен жайы ________________________

____________________________________________________________________

            Тiркедi:
            Фамилиясы, өз аты, әкесiнiң аты ________________________
                                                  (қолы)

            Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу туралы
            хабарлама беретiн бақылау-қадағалау органдарының
                             Тiзбесi
     Халық депутаттары аудандық (қалалық) Кеңесiнiң атқару комитетi
     Аудандық (қалалық) статистика бөлiмi
     Аудандық (қалалық) салық инспекциясы
     Аудандық (қалалық) финанс бөлiмi
     Аудандық (қаланың) бас санитарлық дәрiгерi
     Аудандық (қалалық) өрт қадағалау инспекциясы
     Экология және табиғатты пайдалану жөнiндегi аудандық (қалалық)
     комитет
     Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар 
     министрлiгi 
     
      
      



Дата изменения акта:  05.10.1995
Дата принятия акта:  24.01.1992
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  584
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005004001000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  0700
Язык акта:  kaz