"Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 шешіміне өзгер

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 8С38-4 шешімі

      Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692-03 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

      2-тараудың 11-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын;

      "дүлей зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір мезгілде 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      2-тараудың 11-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктері, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы) бар адамдарға жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров