"Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешіміне өзгеріс енгізу т

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 6 қазандағы № 24/159 шешімі

      Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №12/76 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4702-12 болып тіркелген)  келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы Закенов С.Т.