Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы №5 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556-09 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
Қағиданың 2-тарауның 7 тармағы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
"амбулаториялық емдеудегі әлеуметтік маңызы бар миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) ауруы бар адамдарға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде-жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;
амбулаториялық емдеудегі әлеуметтік маңызы бар орфандық ауруы бар адамдарға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде – жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы;
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы №322-VI Заңының 3-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына және 8-бабының 3) тармақшасына3) тармақшасына сәйкес ардагерлер санатына жататын ардагерлерге коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кем емес.
Бұл әлеуметтік көмек қазан айында жылыту маусымында Мемлекеттік корпорация филиалы ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | А. Әли |