Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 29/193-V "Қазығұрт ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 17/113-VIII шешiмi

      Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 наурыздағы №29/193-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2640 болып тіркелді) "Қазығұрт ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Қазығұрт ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінің:

      - 8 тармағындағы "сессиялары және" деген сөздері алынып тасталсын.

      - 8 және 11 тармақтарындағы "хатшысымен" деген сөздер "төрағасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Т.Қалымбетов