"Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №161-26/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 31 шідедегі №175-23/3 шешімі

      Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №161-26/8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6345 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі.

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";

      оныншы абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзац алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И. Құттықожаев