"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 257 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет және Министрлік тиісінше) туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларында басшылықты жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесі".";

      15-тармақтың 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауы бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Комитетінің қарамағындағы ұйымдарының тізбесі:

      "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";

      "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Құранбек