Құлсары қаласының көшелеріне атау беру және саябақтарына белгіленген атаулар беру туралы

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 290 бірлескен қаулысы және Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 6-10 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 қазандағы қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құлсары қаласының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) № 89 көшеге – Хиуаз Доспанова көшесі;

      2) № 88 көшеге – Мұқағали Мақатаев;

      3) № 90 көшеге – Шара Жиенқұлова көшесі;

      4) № 59 көшеге – Жерұйық көшесі;

      5) № 56 көшеге – Үстірт көшесі;

      6) № 64 көшеге – Мұғалжар көшесі;

      7) № 58 көшеге – Байқоныс көшесі;

      8) № 65 көшеге – Құлагер көшесі;

      9) № 66 көшеге – Азаттық көшесі;

      10) № 37 көшеге – Шаттық көшесі;

      11) № 122 көшеге – Көшім Қалышев көшесі;

      12) № 240 көшеге – Түймеш Сәбетова көшесі;

      13) № 53 көшеге – Жолдыбай Құлекенов көшесі;

      14) № 185 көшеге – Ақмырза Жарылғасов көшесі;

      15) № 215 көшеге – Манап Ғалимов көшесі;

      16) № 109 көшеге – Үтбай Бисембаев көшесі.

      2. Келесі саябақтарға атаулар (белгіленген атаулар) берілсін:

      1) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) "Достық" саябағы;

      2) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) "Нұрсая" саябағы;

      3) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) "Жансая" саябағы;

      4) Құлсары қаласындағы (белгіленген атау) "Жеңіс" саябағы;

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой ауданы әкімі Ж. Қаражанов
      Жылыой аудандық мәслихат хатшысы Қ. Мыңбаев