"Арал ауданы Қарақұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 139 шешімі

      Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Арал ауданы Қарақұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 159 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6312 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Арал ауданы Қарақұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау ";

      оныншы абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзац алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов