Карантинді тоқтату және Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кенті әкімінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі "Карантин белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің әкімінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 13-4-4/146 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің "Нурислам" қыстағының аумағында ірі қара малдың қарасан ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің әкімінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі "Карантин белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кейін қолданысқа еңгізіледі.

      Сарышаған кентінің әкімі А.Тоимбеков