Бесқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 шілдедегі № 3 "Абай облысының Бесқарағай ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2-тармағының 4) тармақшасымен, Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 10 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШТІ:

      1. Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 шілдедегі № 3 "Абай облысының Бесқарағай ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданының әкімі Т. Муратов