"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 143876 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

C-SN-8

"Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісінің, жылдам қимылдайтын арнайы жасағының барлық атауларындағы инспекторы және инженері

жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.


Жекпе-жек күрес түрлері бойынша спорттық атақтарының, разрядтарының біліктіліктерінің немесе практикалық ату бойынша куәліктерінің болуы (қосалқы қызмет қызметкерлерін қоспағанда).

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция
генерал-лейтенанты
М. Ахметжанов