"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу ту

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 169 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы №129 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің" ережесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің келісімі бойынша Министрліктің аппарат басшысы бекітеді.";

      20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;";

      22-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағасының тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы тіркеуші органға хабарлауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
А. Балаева