"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 243 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесінде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 320-1), 320-2), 320-3), 320-4), 320-5), 320-6), 320-7), 320-8), 320-9), 320-10), 320-11), 320-12), 320-13), 320-14), 320-15), 320-16), 320-17), 320-18), 320-19) және 320-20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "320-1) мемлекеттік кірістер органдары тағайындайтын кедендік сараптаманы қоспағанда, Сараптамаларды жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      320-2) тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін әзірлеу;

      320-3) тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірменің нысанын әзірлеу;

      320-4) камералдық кедендік тексеруді жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;

      320-5) камералдық кедендік тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаға хабарлама насанын әзірлеу;

      320-6) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімнің нысанын әзірлеу;

      320-7) камералдық кедендік тексеру алдын ала актісінің нысанын әзірлеу;

      320-8) тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексеру алдын ала актісін жолдау немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексеру алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      320-9) кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібін әзірлеу;

      320-10) кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық кестелерінің нысанын әзірлеу;

      320-11) кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабарлама нысанын әзірлеу;

      320-12) тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексеру алдын ала актісін жолдау немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексеру алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      320-13) көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ кеден органының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу;

      320-14) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын әзірлеу;

      320-15) тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын тәуекелдердің құндық индикаторларын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу;

      320-16) тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесін әзірлеу;

      320-17) өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін есептеу;

      320-18) құпия ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      320-19) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қараудың қорытындысы туралы хабарламаның нысынын әзірлеу;

      320-20) ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілетін мәліметтерді жинауды, есепке алуды, сақтауды және өңдеуді және (немесе) қадағалап отыру тетігін іске асыруды қамтамасыз ету;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М. Е. Сұлтанғазиев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесіне толықтырулар енгізу туралы тіркеуші органға хабар беруді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев