БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11557 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларында:
1) "Авиацияның ұшқыштар құрамын, штаттық ұшулар жетекшілерін, жауынгерлік қолдану офицерлерін ұшқыштар киім-кешегімен және штурмандық керек-жарақпен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың" № 32 нормасында:
реттік нөмірлері 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46 және 47-жолдар алып тасталсын;
2) "Ұшқыштар (штурмандар) әскери авиациялық оқу орындарының курсанттарын ұшқыштар киім-кешегімен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың" № 33 нормасында:
реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-жолдар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықтың деректемелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) деректемелер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант | М. Бектанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі