"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгеріс ен

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 276 бұйрығы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 83-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурсында, ол күшіне енген күннен бастап он күн ішінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Негіздемесі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № КГИП-1/1468-И хаты.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Райымқұлова