БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесінде:
Департаменттің аумақтық органдар - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын.
4. Комитеттің Ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру басқармасы осы бұйрықты тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
Т. Жанғарашев |