БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:
3) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"кеден, кеден бекеттерінің басшылары мен олардың орынбасарлары";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кеген ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кеген ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақыттылығын, Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭС) мүше мемлекетермен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасында (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) өткізу пунктінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3), 17-4) және 17-5) тармақшаларымен толықтырылсын:
"17-1) Тізбеден тауарларды әкетуге жол бермеуді бақылауды ұйымдастыру;
17-2) Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін, импортталатын және экспортталатын тауарларды есепке алуды ұйымдастыру;
17-3) Мемлекеттік шекарада тарифтық емес реттеу шараларын сақтауды қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастыру;
17-4) Экспорттық бақылау туралы Заңға сәйкес Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін өнімдерді бақылауды ұйымдастыру;
17-5) осы тармақтың 17-1), 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Департаменттің функциялары:
1) салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының толық және уақтылы түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
2) Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларында және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
3) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл;
4) Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
5) Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
6) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды және Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік бақылауды (оның ішінде тауарларды шығарғаннан кейін) жүзеге асыру;
8) салықтық және кедендік әкімшілендіру бизнес-процестерін жаңғыртуға және реинжинирингтеуге қатысу;
9) келіп түсетін кеден iсi саласындағы сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптарды уақтылы қарау және беру немесе өзге де iс-қимылдарды жасауды қамтамасыз ету;
10) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша кепілгерлік шартты қарау және олар бойынша шешім қабылдау;
11) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
12) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
13) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғау құралдарын пайдалану;
14) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану;
15) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте салықтық тексерулерді, Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген тәртіпте кедендік тексерулерді, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіпте трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулерді жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
17) кедендік баждарды және салықтарды, сондайақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарды өндіріп алу, оларды есептеудің дұрыстығы және уақытылы төлеуді, есепке алуды (қайтаруды) бақылау және оларды мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша шараларды қолдану;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру;
20) салық берешегін, кеден төлемдері, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
21) хаттамалар жасау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
22) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіпте заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды қайта қарау;
23) есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді (активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығындарды, шығыстарды) айқындау;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша мәселелерді қарау;
25) салықтық міндеттеменің туындауына, орындалуына және тоқтатылуына байланысты мәселелер бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру және түсініктер беру;
26) нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген құзыретi шегінде салықтық және салықтық емес түсiмдерді бақылау және талдау (мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасының үлесiнен, мемлекеттiк меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтерден, "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінен, республикалық мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден және сатудан, мемлекеттiк меншiк объектілерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден, капиталмен жасалған операциялардан түсетін түсiмдерден басқа);
27) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
28) этил спирті мен алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру;
29) этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін субъетілерге зерттеу жүргізу арқылы белгілеу;
30) этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымы саласында есепке алуды, есептілікті жүргізу;
31) темекі айналымы саласында есепке алуды, есептілікті жүргізу;
32) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотын айналымы саласындағы бұзушылықтарға мемлекеттік бақылау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау;
33) этил спиртін алкоголь өнімін өндірушілерге, фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерге, сондай-ақ этил спиртін техникалық мақсатта және алкогольді емес өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын ұйымдарға өткізуді бақылау;
34) этил спирті мен алкоголь өнімінің белгіленген ең төменгі өндіру көлемін бақылау;
35) өз құзыреті шегінде субъектілердің этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның өндірісі мен айналымы саласында қолданылатын технологиялық үрдістің, сақтаудың және өткізудің, техникалық регламенттер мен стандарттар нормаларын, қағидаларын және нұсқаулықтарын сақтауын бақылау;
36) этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін және алкоголь өнімдерін құю желілерін тиісті спирт өлшейтін аппараттармен және есепке алу бақылау аспаптарымен жарақтандырылуын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдерінің базаларында және жанар-жағар май құю станцияларында есепке алу бақылау аспаптарының болуын және олардың жұмыс істеуін бақылау;
37) этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің айналымын ілеспе жүкқұжаттары және этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы бойынша декларация арқылы бақылауды жүзеге асыру;
38) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
39) темекі өнімдері айналымының көлемін бақылау, есепке алу және теңгеріміне талдау жүргізу;
40) этил спирті мен алкоголь өнімдерінің айналымына бақылауды жүзеге асыру;
41) мұнай өнімдері мен биоотынның айналымына бақылауды жүзеге асыру;
42) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылау;
43) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өнімді өткізуді бақылау;
44) мемлекеттік кірістер органының жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
45) оңалту рәсімін және банкроттық рәсімді жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
46) жалған және қасақана банкроттық белгілерін анықтау;
47) Қазақстан Республикасы оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау бойынша шаралар қабылдау;
48) санкцияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
49) Қазақстан Республикасы оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуына келісу;
50) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың әрекеттеріне жасалған шағымдарды қарау;
51) мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
52) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банк шоттарының болуы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;
53) сотқа - уақытша басқарушының, уақытша әкімшінің тіркеуден шығарылғаны туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына - оңалту не банкроттық басқарушының тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама жіберу;
54) Департаментің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
55) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
56) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
57) табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған, оларға қатысты Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында осындай тәртіп көзделген ұйымдардың банкроттығы кезінде ерекше шарттар белгілеу бойынша ұсыныстарды және мүліктік массаны өткізу тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды енгізу;
58) оңалтушы басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді жинаудың және банкроттық рәсімнің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттық басқарушының банкроттық рәсімнің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпараттарын қарау;
59) уақытша басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екені және оның есебінен банкроттық рәсімді жүзеге асыруға болатын мүліктің (активтердің) жоқ екені туралы қорытындысын ескере отырып, жоқ борышкерді банкрот деп тануды және банкроттық рәсім қозғамай оны таратуды келісу;
60) Қазақстан Республикасы оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуына келісу;
61) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
62) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдердің жүргізілуі, өткізілуі және тоқтатылуы бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
63) сотқа уақытша басқарушының, уақытша әкімшінің тіркеуден шығарылғаны туралы, сондай-ақ кредиторлар жиналысына оңалту не банкроттық басқарушының тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама жіберу;
64) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны шеттету;
65) кредиторлар талабының тізілімін интернет-ресурсқа орналастыру;
66) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес интернет-ресурсқа орналастыру:
кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама;
банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеуі тәртібі туралы жариялау;
борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы жариялау;
оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеуі тәртібі туралы жариялау;
67) сот шешімі бойынша:
Қазақстан Республикасының
оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте банкроттық рәсімін қозғамай банкротты тарату жүргізу;
68) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
69) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланумен кедендік тазартуды жүзеге асыру;
70) қолма-қол ақша қаражаты мен ақша құралдарына кедендік декларациялауды жүзеге асыру;
71) жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
72) халықаралық почта жөнелтілімдерімен жеке пайдалануы үшін жіберілетін тауарларға кедендік декларациялауды және кедендік бақылауды ұйымдастыру;
73) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының тауарларына кедендік декларациялауды және кедендік бақылауды ұйымдастыру;
74) өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға бақылауды жүзеге асыру;
75) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге мәселелер бойынша, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді және кеңес беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;
76) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес шартты шығарылған тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру;
77) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
78) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қорғауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
79) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасын қорғауды және кедендік бақылау аймағы режимін сақтауды қамтамасыз ету;
80) тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
81) тарифтік преференциялар берудің дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
82) Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың сыныптауына (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) бақылауды жүзеге асыру;
83) тауарлардың кедендік құнының дұрыс айқындалуына бақылауды жүзеге асыру, соның ішінде таңдалған әдістің және мәлімделетін кедендік құны құрылымның дұрыс қолданылуына және олардың негізінде тауарлардың кедендік құнын әкімшілендірудің деңгейін жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу;
84) тауарлардың кедендік құны бойынша алдын ала шешімдер қабылдау;
85) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына талдау жүргізу;
86) заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік құны, сыныптау және шығарылған жері бойынша қорытындылар шығару;
87) тауарлардың кедендік құны мәселелері бойынша тәуекел бейінін әзірлеуге қатысу;
88) Еуразиялық экономикалық одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер талаптары мен шарттарының, сондай-ақ көрсетілген кедендік рәсімдерді аяқтауға қойылатын талаптары мен шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;
89) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша;
90) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату берілетін құжаттарды қарау;
91) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;
92) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғау және ақпарттық қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын жүзеге асыру;
93) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың, аударудың толықтығы мен уақыттылығын, Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы (бұдан әрі - Мемлекеттік шекарасы) "Құрманғазы" өткізу пунктінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3), 17-4) және 17-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-1) Тізбеден тауарларды әкетуге жол бермеуге бақылауды ұйымдастыру;
17-2) Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін, импортталатын және экспортталатын тауарлардың есебін ұйымдастыру;
17-3) Мемлекеттік шекарада тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды ұйымдастыру;
17-4) экспорттық бақылау туралы Заңға сәйкес Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін өнімге бақылауды ұйымдастыру;
17-5) осы тармақтың 17-1), 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшаларымен көзделген мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;";
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын.
4. Комитеттің Ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру басқармасы осы бұйрықты аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы |
М. Сұлтанғазиев |