"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 26 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынңың айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен, оларды Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, мемлекеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларды заңнамада көрсетілген шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның жүргізілуіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықтау және қарау функцияларын жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.";

      15-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның жүргізілуіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықтау және қарау;";

      16-тармақта:

      123) тармақша алып тасталсын;

      138) тармақша алып тасталсын;

      149 және 150) тармақшалар алып тасталсын;

      157), 158), 159), 160), 161), 162) және 163) тармақшалар алып тасталсын;

      319) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "319) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану бойынша шаралар қабылдау;";

      17-тармақта:

      құқықтарында:

      11) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақша алып тасталсын;

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе арасынан алуды жүргізу;";

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін тауарларды сатып алу;";

      42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49) және 50) тармақшалар алып тасталсын;

      міндеттемелерінде:

      68) тармақша алып тасталсын;

      75) тармақша алып тасталсын;

      76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) кеден ісі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалуы туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;";

      86) және 87) тармақшалар алып тасталсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Комитет Төрағасының өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының, мамандандырылған мемлекеттік мекеме басшыларының міндетін және өкілеттігін анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады:

      Комитеттің жұмыскерлерін;

      облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының орынбасарларын;

      мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің басшыларын;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, оның аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде штаттық кестені бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іссапар, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, Төраға орынбасарларына, Комитеттің жұмыскерлеріне, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларына, мамандандырылған мемлекеттік мекемелері басшыларына үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

      7) құзыреті шегінде Комитеттің құқықтық актілеріне қол қояды;

      8) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;

      10) Комитетті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитеттің Төрағасы жоқ болған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      1-тарауында. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      177 және 178-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "177. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы.

      178. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М. Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелері қазақша және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Ә. Смайылов