"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1054 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті туралы ережеде:

      14-тармақта:

      52), 58), 75), 93) және 94) тармақшалар алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Әліби Жангельдин көшесі, ғимарат 24.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-лейтенанты
Е. Тұрғымбаев