"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы мини

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2018 жылғы 26 қазандағы № 486 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркiстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: пошта индексі 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке Хан даңғылы № 135А.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) қазақ және орыс тілдеріндегі бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Комитеттің Түркiстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (Тілегенов Ә.Б.) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Комитеттің Ішкі әкімшілендіру департаменті Ұйымдастыру басқармасы (І.С. Сейдахметов) осы бұйрықты Комитеттің Түркiстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
Комитетінің Төрағасы
М. Сұлтанғазиев