Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 31-3 "Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 5-5 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы №31-3 "Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17.03.2016 жылы № 4295 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы А.Т.Сұлтановқа жүктелсін.
      Сессия төрағасы Ж.Жақыпов
      Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар