"Жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 722 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 136 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27- бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 722 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 01 қазанда 2685 нөмірімен тіркелген, "Уба– Информ" газетінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 41 санында жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.
      Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров