Кейбір шешімдердің күшін жою туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4/7-VI шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Келесі шешімдердің күші жойылсын:
      "Шемонаиха аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19/8-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3242 болып тіркелген, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 18-санында жарияланған);
      ""Шемонаиха аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19/8-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 шілдедегі № 31/3-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4101 болып тіркелген, "ЛЗ-Сегодня" газетінде 2015 жылғы 19 тамыздағы № 34-санында жарияланған).
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы А. Яровикова
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Боровикова