Ұлан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 715 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысының күшін жою туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 197 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 715 "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4346 тіркеліп, 2016 жылғы 05 ақпанда № 6 (7955) "Ұлан таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.
      Ұлан ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Қажанов