2014 жылғы 27 маусымдағы № 652 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысының күшін жою туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы N 1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 417 "Махамбет ауданы әкімдігі "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 19 қазандағы № 3315 болып тіркеліп, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2015 жылғы 29 қазандағы 43 (6200) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы Н. Қалиевке жүктелсін.
      Аудан әкімі Ә. Нәутиев