Катонқарағай аудандық мәслихаты шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 тамыздағы № 4/37-VI шешімі

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. 
      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Катонқарағай аудандық мәслихатының регламентің бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/164-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 32/255-V (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4182 нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 06 қарашадағы № 84 "Арай" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
      Сессия төрағасы Г.Ағажаева
      Аудандық мәслихат хатшысы Д.Бралинов