"2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 462 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 156 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 462 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4344 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтардағы №4 "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Зырян ауданының әкімі А.Кәрімов