"Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 96 қаулысының күшін жою туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 235 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабы 2–тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 – бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 96 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3910 нөмірмен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінде 2015 жылғы 16 мамырда № 40-41 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бесқарағай ауданының әкімі Н. Токсеитов