Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы N 963 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және Өскемен қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 327/01-09 ұсынымының негізінде Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Самсоновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай учаскеде орналасқан "Айка" шаруа қожалығының аумағында ірі-қара малдың бруцеллез ауруының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
      2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы № 14017 "Шектеу іс-шараларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4315 тіркелген, 2016 жылғы 21 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 21 қаңтарда "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
      4. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми жариялау көздеріне қаулының көшірмесін қоса ұсынумен күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А.М. Исқақовқа жүктелсін.
      Өскемен қаласының әкімі Е. Аймұқашев