"Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 113 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі N 213 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3979, 2015 жылғы 8 маусымдағы № 64 (17153) "Дидар", 2015 жылғы 6 маусымдағы № 65 (19664) "Рудный Алтай" облыстық газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов