"Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 47/1 шешімінің күшін жою туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 51/4 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасының 19.01.2016 жылғы № 2-26-3/477 хатына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ордабасы аудандық мәслихатың 2015 жылғы 24-қарашадағы Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 47/1 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2015 жылы 4 желтоқсандағы № 3447 болып тіркелген 2015 жылғы 26 желтоқсандағы "Ордабасы оттары" газетінің № 52 нөмерінде жаряланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды аудандық мәслихат аппаратының басшысы М.Ақмұратовқа жүктелсін.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс LI сессиясының төрағасы C.Абжалов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Садвахасов