"Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" Кентау

Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 88 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кентау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 180 "Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2296 тіркелген, 2013 жылғы 15 маусымдағы "Кентау шұғыласы" "Кентау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б.Кнатовқа жүктелсін.
      Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев